Қонақ дәрісі

Өткен аптада ҚБТУ-дың қонақ дәрісінде КГНТ-ның кіші инженер-технологы Зарема Ибрагимова студенттермен өзінің кәсіби тәжірибесі туралы бөлісті және оның ҚБТУ-дағы «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша алған білімі оны индустрия саласындағы жұмысқа қалай дайындағанын ашып айтты. Ол үздіксіз оқу мен қабілеттерді шыңдаудың маңыздылығын және оның өз кәсібіндегі кез келген қиындықты оңай еңсеруге көмегі барын атап өтті.

Одан бөлек Зарема өзінің жеке жетістіктерімен және табысы туралы да бөлісті, ол студенттерді жоғары мақсаттарға жетуге ынталандырды. Заремаға жаңа білім мен дамуға деген ұмтылысы үшін алғыс айтамыз! 💼🎓