Қайырымдылық күні

КГНТ-да керемет қайырымдылық бастамасы өтті, оның аясында компания балалар онкология бөлімшесінің балаларына Жаңа жылмен жылы құттықтаулар жолдады. Кішкентай пациенттерге мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін сыйлықтар мен тәттілер табысталды.
Ұлы Отан соғысының ардагері Лидия Филипповнаға жаңа жылдық қуаныш сыйлау біз үшін үлкен мәртебе болды. Бұл еліміздің бейбіт болашағы үшін жастық шағын құрбан еткен адамға құрмет көрсетудің керемет көрінісі.
Бұл бастама барлық қатысушылар үшін игі істер мен жақын адамдарды қолдаудың маңыздылығын еске салатын жарқын сәт болды.

Жобаларды аяқтау

Әріптестерімізді ТЭН «Атырау облысына бірінші біріктірілген газ-химиялық кешенді салу. II фаза – Полиэтилен өндіру» жобасын сәтті аяқтауларымен құттықтаймыз.
Бұл жоба компания үшін ғана емес, Қазақстан үшін де стратегиялық маңызға ие. Екі технологиялық қондырғы өндіріс қуаты жылына 1,25 тонна болатын біріңғай кешенге біріктірілетін болады. Заманауи қондырғылар перспективада бүкіл әлемде сұранысы тұрақты түрде ұзақ мерзімге артады деп болжанатын тығыздығы жоғары премиум полиэтиленді қоса алғанда, өнімнің кең түрін өндіруге мүмкіндік береді.
📈🌟

Quality Management Center оқытуы

Жақсы жаңалықпен қуана бөлісеміз: КГНТ қызметкерлері Quality Management Center-да оқуларын сәтті аяқтады. Олардың алған білімі компанияның менеджмент жүйесін қолдап қана қоймай, ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 и ISO 45001:2018 стандарттарына сай келе отырып жақсартатын болады. Алдағы уақытта бізді ISO 19011:2018 ұсынымына сай ішкі аудит күтуде. Жаңа білім мен үздіксіз дамуға талпынған әріптестерімізді мақтан тұтамыз.

5С жеңімпаздары

2023 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша ай сайынғы байқауымыздың жеңімпаздарын құттықтаймыз.
«5С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны»: Никита Косенко
«5С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс кеңісітігі» ақпараттық технологиялар қоймасы
Барлық қызметкерлерге 5С жүйесін қолдаулары үшін алғыс айтамыз! #Победители #Система5С #Конкурс #Кайдзен #КГНТ

Қызметкерлерді марапаттау

🏆🌟 КГНТ кезекті рет компанияның жетістігі мен дамуына үлес қосқан талантты қызметкерлерімізді қуана марапаттайды. 🌐💼

Құштарлық танытып, жаңа білім алуға ұмтылған және біздің бизнес-процестерді жақсартуға үлес қосып келе жатқан қызметкерлерімізге құрмет грамоталарын, алғыс хаттарын, сыйлықтар мен төсбелгілерді табыстаймыз. 💡🚀
Бұл әлі соңы емес. Салауатты өмір салтын ұстанатындарға бөлек «алғыс» айтамыз. Белсенді және құштарлық танытушы қызметкерлерімізді құттықтаймыз! Біз сәтті және жігерлендіруші жұмыс қоғамын бірге құрамыз! 🚀👏

5С жеңімпаздары

2023 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша ай сайынғы байқауымыздың жеңімпаздарын жариялаймыз.
«5С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны» номинациясында Татьяна Цой көш бастайды.
«5С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс кеңісітігі» номинациясын жобаларды басқару офисінің жобаларды басқару тобы иеленді.
Барлық қызметкерлерге 5С жүйесін белсенді қолдаулары үшін алғыс айтамыз! #Победители #Система5С #Конкурс #Кайдзен #КГНТ

«PROFIT Security Day 2023»

КГНТ-ның ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметкерлері 22 қараша күні «PROFIT Security Day 2023» конференциясына қатысты. Жетекші сарапшылар Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік жағдайын талқылады, кибер қауіпсіздікпен қамтудың маңызды тақырыптарын қозғады, сондай-ақ үздік тәжірибелерімен бөлісті. 💻🔒 #ИнформационнаяБезопасность #PROFITSecurityDay2023#кгнт#kgnt