«Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ең үздік 50 ықпалды тұлға»
29.08.2023 жылы “KazService” Қазақстан мұнай сервистік компанияларының одағы жыл сайынғы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы үздік 50 ықпалды адам рейтінгін таныстырды.
Атырау қаласындағы марапаттау рәсіміне КГНТ-ның Бас директоры Александра Бекишева, КГНТ-ның экономика және бизнесті басқару жөніндегі басқарушы директоры Айдос Демесін, сондай-ақ ірі мұнай-газ компанияларының басшылары мен саланың өкілдері қатысты.