5С жеңімпаздары

Тамыз айының қорытындысы бойынша әр ай сайынғы байқауымыздың жеңімпаздарын жариялауға дайынбыз:

🎉 «5С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны» номинациясында Сабина Касабаева және

🎉 «5С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс кеңсітігі» номинациясында персоналды іріктеу, бейімдеу және оқыту бөлімі

👏🏻 Жеңімпаздарды құттықтаймыз және 5С бағдарламасын қолдаған қызметкерлерге алғыс білдіреміз!
#кгнт#kgnt#5с#кайдзен#конкурс

Орталық Азия мен Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу” 10-шы мерейтойлық конференциясы

14 қыркүйек күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми қолдауымен Globuc британдық компаниясы ұйымдастырған “Орталық Азия мен Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу” 10-шы мерейтойлық конференциясы өз жұмысын аяқтады. Біз, КГНТ, осы маңызды оқиғаның медиа серіктестері ретінде мақтана қатыстық.
КГНТ-ның Инновациялар мен маркетинг жөніндегі басқарушы директор Тарасов Геннадий Александрович «Дыбыстан жоғары газды бөлу» жаңа инновациялық тақырыбын ұсына отырып, спикер рөлінде сөз сөйледі. Конференция қатысушыларының рейтингінде Геннадий Александрович 3-ші орынды иеленді. Конференция жұмысына әлемнің 27 елінен 300-ден астам қатысушы қатысты.
Біздің инновациялық қадамдарымызды бақылаудан жалықпаңыздар!

“Павлодар облысының Екібастұз қаласында ферроқорытпа өндіру бойынша зауытты салу” Ж кезеңі

«Павлодар облысының Екібастұз қаласында ферроқорытпа өндіру бойынша зауытты салу» Ж кезеңіндегі жобалық жұмыстарды сәтті аяқтауымен құттықтаймыз.
Ферроқорытпа өндіру бойынша зауыттың қуаты жылына 160 мың тонна болады деп жоспарланып отыр. Бұл әмбебап кәсіпорын ферроқорытпаның ферросилиций, ферромарганец, ферросиликомарганец сияқты бірнеше түрін өндіретін болады.
🙌 Жоба командасын осы үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз, ол саланың және аймақтың дамуына елеулі үлес болып табылады. Біз өз жұмысымыз бен кәсібилігімізді мақтан тұтамыз!

Боулинг турнирі

“Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне” арналған боулинг бойынша КГНТның бірінші турнирінің жеңімпаздарын құттықтаймыз! 🎳🏆

🥉 3 орын: Болат, Елена, Жанибек, Константин, Майя, Екатерина
🥈 2 орын: Талгат, Валерия, Марина, Владимир, Оксана, Антон
🥇 1 орын: Абдрашид, Рашидин, Санжар, Акежан, Эрнест, Илья

Бұл дәстүрдің тамаша бастамасы, өйткені спорттық жарыстар командалық рухты нығайтады. Қатысқаны үшін қызметкерлерге рахмет! 🌟

Жобаларды аяқтау

Жобаларды аяқтау – біздің ұжымның жұмысындағы маңызды кезеңдердің бірі. Команданың бірлескен еңбегі сәтті нәтижеге жеткенде, бұл ерекше тағзым мен алғысқа ие болады.
Біз «Қорғалжын тас жолының аумағында инженерлік инфрақұрылымы бар газ қазандығын салу. Магистральдық жылу желілері» және «Павлодар облысының Екібастұз қаласында ферроқорытпа өндіру бойынша зауытты салу» Ж кезеңі» жобаларының сәтті аяқталғанын қуана хабарлаймыз, және әріптестерімізді естелік белгілерімен марапаттаймыз.

🏆 Төсбелгілермен марапаттау – сіздің үлесіңіз бен еңбегіңізді жоғары бағалау деп білеміз. Бұл төсбелгілер сізге сіздің үлкен жетістігіңіз туралы естелік болып, сізді жаңа жетістіктерге ынталандырады деп сенеміз.

🙌 Тағы бір мәрте шын көңілден сіздерге алғыс білдіреміз және жетістіктеріңізбен құттықтаймыз. Серіктестігіміз бұдан әрі жалғасады деп сенеміз және бірге жүзеге асыратын үлкен жобаларды қуана күтеміз.

«Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ең үздік 50 ықпалды тұлға»

29.08.2023 жылы “KazService” Қазақстан мұнай сервистік компанияларының одағы жыл сайынғы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы үздік 50 ықпалды адам рейтінгін таныстырды.

Атырау қаласындағы марапаттау рәсіміне КГНТ-ның Бас директоры Александра Бекишева, КГНТ-ның экономика және бизнесті басқару жөніндегі басқарушы директоры Айдос Демесін, сондай-ақ ірі мұнай-газ компанияларының басшылары мен саланың өкілдері қатысты.