КИМЭП-те бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

Осы жылы бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің айы КИМЭП университетінде басталды.
Бос орындарының жәрмеңкесі – жұмыс берушілер үшін де, жұмыс іздеушілер үшін де еңбек нарығын көруге жақсы мүмкіндік береді: компаниялар күндізгі оқыту студенттері мен түлектермен таныса алады, ал жас мамандар-компаниялар туралы танысып, ұйымдардың өкілдеріне қызықтыратын сұрақтарын қоя алады.
КГНТ компаниясы КИМЭП-тің ТОП жұмыс берушілерінің қатарына кіреді. Бұл дегеніміз біз әрқашан да КИМЭП түлектерін өз қатарымыздан көруге қуаныштымыз. Бұдан бөлек, университет студенттерін жаздық тәжірибеге шақырамыз.
Егер КГНТ-ның жұмысына қызығушылық танытқан болсаңыз, хаттың тақырыбында «мен КГНТ-да тәжірибеден өткім келеді» немесе қызығушылық танытқан бос орынның атауын көрсете отырып түйіндемені мына мекен-жайға жіберіңіз job@kgnt.kz.

КИМЭП-ке жылы қабылдау және іс-шараныжақсы ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз!

Болашақта кеңейту жобасына қосқан үлесі үшін күміс награда

КГНТ қызметкері Александр Чесноков Болашақта кеңейту жобасына қосқан үлесі үшін, атап айтқанда бизнес-серіктестерге белсенді қатысқаны және қолдау көрсеткені үшін, мақсаттар мен кезеңдерге уақтылы қол жеткізуге және жобада ауыр жарақаттар мен өлім-жітімсіз 2022 жылдың сәтті аяқталуына ықпал еткен серпінді жұмыс кезінде керемет басшылық пен икемділік үшін Күміс наградаға ие болды. Александр механикалық-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін операциялардың көптеген түрлеріне арналған ресурстық жоспарларды, орындау реттілігін, қоршауларды орнату кестелері мен сметаларын, жобаға өзгерістер енгізу туралы хабарламаларды және жылу сынақтарын әзірлеуге бастамашылық білдіріп, белсенді қатысты.
ТШО біздің қызметкердің шикі газ объектілеріне қоршау орнату кезінде шығындарды үнемдеуге үлкен үлес қосқандығын атап өтті.

Спорт күні

6 сәуір Қазақстанда Спорт күні тойланады. Қалыптасқан дәстүр бойынша КГНТ-ның бас офисіндегі қызметкерлер үшін таңғы жаттығу-флешмоб ұйымдастырылды. Жаттығу әріптестерімізге көтеріңкі көңіл-күй мен энергия сыйлады!
Барлықтарыңызға денсаулық және спорттық рух тілейміз!

Серіктесіміз ТШО-ны туған күнімен құттықтаймыз

Бүгін Қазақстан Республикасының аумағындағы ең ірі мұнай-газ операторларының бірі, біздің сенімді серіктесіміз – «Теңізшевройл» компаниясы 30-жылдық мерейтойын атап өтуде. КГНТ өз атынан ТШО-ға сенімділік пен ұзақ мерзімді серіктестік үшін алғыс білдіреді және сәтті даму мен алға қойған мақсаттардың жүзеге асуын және қауіпсіздіктің жоғары стандарттарының сақталуын тілейді!

«Түркі халықтарының ұлттық костюмі» байқауының қорытындысы шықты

2023 жылғы 21 наурыз бен 31 наурыз аралығында өткен, Наурыздың тойлануына ыңғайластырылған «Түркі халықтарының ұлттық костюмі» байқауының қорытындысы шықты. Дауыс беру КГНТ Компаниясының ресми сайтында www.kgnt.kz өткен болатын, дауыс беруге әріптестер, сондай-ақ байқауға қатысушылардың жақындары, туыстары мен достары қатысты.
Қорытынды бойынша:
🥇1-орын: Адамбаев Нурлан
🥈2- орын: Бедарева Инна
🥉3- орын: Тохтахунова Дильназ жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарға Меломан сертификаттары табысталады. Әріптестерімізді жеңісімен құттықтаймыз және Компания басшылығына іс-шара мен қызметкерлерге арналған байқауларды ұйымдастыруды қолдағаны үшін алғыс білдіреміз! #KGNTDREAMTEAM#KGNT#КГНТ#Итогиконкурса

Геолог күні

Сәуірдің алғашқы жексенбі күні Қазақстанда – Геолог күні атап өтіледі. Құрметті геологтар шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Осы жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, жаңа белестерге жете беріңіздер. Сіздердің еңбектеріңіз барлық адамзатқа үлкен пайдасын тигізуде, ол жер ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Сіздерге амандық, сәттілік және бақыт тілейміз! Мейрамдарыңыз құтты болсын, барлық жақсылықты тілейміз!