КГНТ командасы кезекті «Алматы марафоны» жарысына қатысты.

«Almaty Marathon» марафонының біреуі де біздің Компанияның қатысуынсыз өтпейді. Өткен жексенбіде болған жүгіруге экиден командасынан бөлек, қызметкерлер 10 км. және 21 км. қашықтықта жекелей жүгіруге қатысты, олар жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, өткен жүгірістердің рекордын жаңартты. Айта кететін жайт, КГНТ-ның экиден командасы жалпы тізім бойынша қатысушы 62 команданың ішінде 15 үздік команда құрамына енді. Әрқайсыңызға жоғары жетістікке жетуге деген ұмтылыстарыңыз бен салауатты өмір салтын ұстану идеясын таратқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.

Әр адамның физикалық қабілетінің әртүрлі болатынын еске саламыз. Белгілі бір қашықтыққа жүгіруден бұрын оған физикалық және моральды түрде дайын болу керек. Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады. Өзіңізге қамқор болыңыз және ауырмаңыз.