2019

2019 жылғы 13 қыркүйекте КГНТ компаниясы өз қызметінің 45 жылдық мерейтойын атап өтті

2019 жылғы 13 қыркүйекте КГНТ компаниясы өз қызметінің 45 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтойға орай компанияның басшылығы Rixos Almaty қонақ үйінің бал залында салтанатты гала-кешкі ас ұйымдастырды.

Кеш «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өнер көрсетуімен басталды, ансамбль ұлттық қазақ шығармаларын ойнады, ойын-сауық бағдарламасын компанияның нышаны мен оқиғаларды сипаттайтын бейнеәсерлермен әрлендірілген заманауи бал билерін, сондай-ақ қазақ ұлттық билерін билеген би ұжымы жалғастырды.

Қонақтар арасында КГНТ-ның барлық локацияларындағы қызметкерлер, сонымен қатар шетелдік қонақтар, ҚазМұнайГаз, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., Теңізшевройл, Chevron, Worley, Fluor, Axens, KPJV Limited, Hexagon PPM, Schneider Electrics, ҚР мұнай өңдеу зауыттарының, ЦАТЭК, КИНГ, Каспиймұнайгаз, PWC компанияларының, сондай-ақ KAZENERGY Ассоциациясының, ҚР мұнай сервистік одағы мен Қазақстандық Жобаларды Басқару Ассоциациясының басшылығы мен өкілдері болды.

КГНТ қызметкерлерін ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті. Өз кезегінде, КГНТ өз серіктестеріне бірлескен прогреске және мақсаттарға қол жеткізуге қосқан жеке және ұжымдық үлестері, жемісті ынтымақтастық пен компанияның қалыптасуына көрсеткен қолдаулары үшін мерекелік медальдар мен мүсіншелерді, сонымен қатар алғыс хаттарды табыс етті.

КГНТ қызметкерлері компанияның тарихы мен қызметі туралы корпоративтік фильм дайындады.

Танымал A’Studio тобы өзінің хит әндерін орындап, КГНТ компаниясын мерейтойымен құттықтады.