2024

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН КАСПИЙДЕГІ МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨҢДЕУ. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН КАСПИЙДІҢ ӘЛЕУЕТІН АШУ: НАРЫҚТАҒЫ КӨШБАСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ» жыл сайынғы 11-конференциясы

КГНТ дәстүр бойынша, британдық Globuc компаниясы ұйымдастырушы болып табылатын, жыл сайынғы «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН КАСПИЙДЕГІ МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨҢДЕУ. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН КАСПИЙДІҢ ӘЛЕУЕТІН АШУ: НАРЫҚТАҒЫ КӨШБАСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ» 11-конференциясында сөз сөйлейді. Конференция 2024 жылғы 18-19 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді.
«Орталық Азия мен Каспийдің мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» конференциясы 10 жылдан астам уақыт бойы мұнай-газ саласының кәсіби мамандары, Еуропа, АҚШ, Шығыс Азия, Түркия және Таяу Шығыстағы жетекші халықаралық технологиялық және инжинирингтік компаниялары бар өңірлік жобалардың иелері үшін кездесу алаңы ретінде қызмет етіп келеді.