2022

«Ұлттық домбыра күні» байқауының қорытындысы

Барлығымыз білетіндей, шілденің бірінші жексенбісінде Қазақстанда қазақ ұлтының рухын, мінезін және тарихын бейнелейтін аспап – Ұлттық домбыра күні атап өтіледі.

 

Осы тамаша мереке қарсаңында КГНТ-да қызметкерлер мен өскелең ұрпақ арасында қазақ өнерін насихаттауға бағытталған домбырашылар байқауы ұйымдастырылды.

Әріптестер мен олардың балалары домбырада өздерінің музыкалық орындауларын бізбен бөлісті.

Бүгін біз қатысушыларымыздың конкурстық бейнелерімен қуана бөлісіп, онлайн-дауыс берудің қорытындысын шығарамыз.

1 орын – Абельдинова  Жазира

2 орын – Атанияз Тайров

3 орын – Мұсабек Арлан

Қалған қатысушыларымыз алғыс хаттарымен марапатталды.

Баршаңызға байқауға қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз және Қазақстанның түрлі қалаларында домбыраның тамаша үнімен қуантуды жалғастыра берулеріңізге тілектеспіз.