2022

Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!

Халықаралық балаларды қорғау күнімен бүгін командамыз қызметкерлердің ата-аналарының жұмыс күндерінің қалайша өтетіндігін көргісі келген балаларын құттықтады. Ашық есіктер күніне әртүрлі жастағы 32 бала келді. Барлық балақайларға КГНТ қызметкерлеріндегідей бейдждар берілді. Компанияның барлық жаңадан келген қызметкерлеріне сияқты ғимарат бойынша экскурсия жүргізілді, соның барысында әрбір бала ұжыммен жеке таныса алды. Балақайлар Open Space бөлмесіне, Компанияның үлкен және кітапқа бай кітапханасына барды және тіпті VR бөлмеде балықтармен «жүзіп» те үлгерді.

Жарқын эмоцияларға толы бүгінгі керемет күнді біз келген балалардың алақандарынан жасалған бедерлермен есте қалдырғымыз келді. Офисте болудың соңғы кезеңі Бас директормен танысу және әрине марапаттау. Әрбір баланы біз корпоративтік сыйлықтармен, сонымен қатар КГНТ-ның болашақ қызметкерлеріне арналған сертификаттармен қуандыра алдық.

Ұжымымыздың КГНТ отбасының үлкен бөлігі болып табылатын балақайларды қуанта алғанымызға шексіз қуаныштымыз. Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!