2022

КГНТ-ның Жеңіс күніне орай игі дәстүрі – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмектесу

КГНТ-ның Жеңіс күніне орай тағы бір игі дәстүрі – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмектесу. Жыл сайын қаражат жинау ашылады және Компанияның әрбір қызметкері ардагерлерді құттықтауға өз үлесін қоса алады. Өкінішке орай, мемлекет Компанияға бекіткен ардагерлерден өткен жылы екеуі ғана қалған болатын, ал осы көктемде олардың біреуі – Пилипенко Виктор Анатольевич өмірден озды…

Биылғы жылы біз Лидия Филлиповнаны ғана қуанта алдық. Дәрігерлердің кеңесі бойынша ол скандинавиялық жаяу жүруге арналған таяқтар мен дәрі-дәрмектерді сұраған болатын, олардың бәрі Компанияның есебінен сатып алынды.

Біз жинаған қаражатқа оған азық-түлік алып бердік. Ол сіздердің ниеттестіктеріңіздің арқасында іске асты. Сіздер қамқорлық – Компанияның негізгі құндылықтарының бірі екендігін көрсеттіңіздер.

Сонымен қатар жас мамандар кеңесіне атқарылған жұмыс және ықыластығы үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.

#KGNTDREAMTEAM