2020

Алматы қаласындағы КГНТ компаниясының бас офисінде компания басшылығының «CZET» – чех энергия үнемдеу технологиялары» чех концорциумы басқармасының төрағасы Зденек Збытекпен және Ғылыми-технологиялық даму офисінің және НТС, IGTIC – «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басшысы, э.ғ.д., академик Гульбазар Медиевамен стратегиялық серіктестік және іскерлік ықпалдастық мәселелері бойынша үшжақты кездесуі өтті.

10.02.2020 ж. Алматы қаласындағы КГНТ компаниясының бас офисінде компания басшылығының «CZET» – чех энергия үнемдеу технологиялары» чех концорциумы басқармасының төрағасы Зденек Збытекпен және Ғылыми-технологиялық даму офисінің және НТС, IGTIC – «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басшысы, э.ғ.д., академик Гульбазар Медиевамен стратегиялық серіктестік және іскерлік ықпалдастық мәселелері бойынша үшжақты кездесуі өтті. Айтулы кездесудің қорытындылары бойынша КГНТ және CZET арасындағы стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

«CZET» консорциумына заманауи энергия үнемдеу технологияларын жобалау, жасап шығару және «толық аяқталған» заманауи энергетикалық объектілерді салу бойынша әлемдік маңызы бар халықаралық тәжірибесі мол немесе КГНТ компаниясымен ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік туралы өз ниетін қосалқы мердігерлік-жеткізу нысанымен декларациялаған және жобаларды Қазақстан Республикасында бірлесіп іске асыру үшін серіктесі болып табылатын 28 жетекші чех компаниясы кіреді.

«CZET» консорциумының, КГНТ компаниясының стратегиялық серіктестік саласы төмендегі бағыттарды қозғайды:

1) жұмыс істеп жатқан көмір электр стансалары мен жылу стансаларын жаңғырту;

2) аз, орташа және үлкен қуатты заманауи газ және бу-газ ЖЭО орталықтарын салу;

3) когенерация қондырғыларын жеткізу;

4) орталық қазандықтарды немесе көмірмен, газбен, мазутпен жұмыс істейтін қазандықтарды салу және жаңғырту;

5) каскадтық газ және электр қазандықтарын салу;

6) заманауи сарқынды суларды тазарту имараттарын салу;

7) коммуналдық, өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтарды өңдеу бойынша стансаларды салу;

8) қосалқы стансаларды, электр энергиясы мен жылу беру желілерін салу;

9) басқа энергетикалық объектілерді, соның ішінде күн, жел энергиясында және биомассада жұмыс істейтін объектілерді салу;

10) Чех Республикасында тиісті технологиялар арналған Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ, мұнай-химиялық және басқа салаларының объектілерін салу.