ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ
«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС өз қызметін адам және табиғат ресурстарын қорғай және нығайта отырып, Тапсырыс берушінің, сондай-ақ басқа мүдделі тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асыруда. КГНТ өз қызметінің барысында қоршаған ортаға кері әсерге жол бермеуге және барлық қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ұмтылады. Осы бағытта әрбір құрылымдық бөлімшеде лайықты, қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайларын жасау, сонымен қатар қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер беру бойынша жұмыс жүргізіледі.
КГНТ компаниясында ЕҚ, Д және ҚОҚ жүйесін басқару қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында ЕҚ, Д және ҚОҚ жоспарлауды көздейтін жүйе ретінде қарастырылады.
КГНТ барлық қажетті ресурстарды ұсына отырып, еңбекті қорғауды басқару, қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау жүйесінің нәтижелі жұмыс істеуі үшін жауапкершілікті өзіне алады.
Жобалардың ЕҚ, Д және ҚОҚ басқаруды КГНТ әзірленген, ендірілген және сертификатталған экологиялық менеджмент жүйесінің, кәсіптік қауіпсіздік жүйесінің аясында жүзеге асырады.