2022

Қазақстан машина жасаушыларының Х форумы

21-23 қыркүйек күндері Астана қаласында Қазақстан машина жасаушыларының Х форумы өтті, форумда біздің бас директор Бекишева Александра Маратовна ” Жетекші батыс жобалау институттарымен және машина жасау кәсіпорындарымен ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының ірі жобаларында елішілік құндылықтарды арттыру мүмкіндіктері” тақырыбында сөз сөйледі. Александра Маратовнаның сөз сөйлеуі халықаралық тапсырыс берушілермен бірлесе отырып, біздің елдің аумағындағы ірі жобаларды іске асыруды талқылауға арналған бірнеше тақырыпты қамтыды. Одан бөлек, КГНТ кәсіпқойлар командасы болашақта  салаға ғана емес, сондай-ақ елдің бүкіл экономикасына оң әсер беретін жақсартулар бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынды.