2023

Идеядан іске асыруға дейінгі EPC ірі жобаларын басқару форумы

2023 жылғы 20 қазан күні Астана қаласында жобаларды басқару әлеміндегі маңызды іс-шара өткізілді және КГНТ осы іс-шараға айтарлықтай үлес қосты. Жобаларды басқару тақырыбына арналған осы жобада компанияның Бас директоры Александра Бекишева «Ірі капиталдық жобаларды және ЕРС-келісімшарттарын басқарудағы үздік тәжірибелер мен сәтті кейстер» тақырыбы бойынша спикер ретінде сөз сөйледі. Осы қызықты баяндаманың шеңберінде келесідей аспектілер талданып, талқыланды:
✅ Жоба кезеңдері:. Александра әр фазасының маңыздылығына мән бере отырып, жобаның басталу сәтінен сәтті аяқталуына дейінгі дамуы туралы маңызды практикалық білімімен бөлісті.
✅ Жобаларды басқарудағы күрделі мәселелерді шешу жолдары: КГНТ жобаларды тиімді басқаруды және табысты аяқтауды қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасындағы инжиниринг саласының ажырамас бөлігі болып саналатын әдістер мен стратегияларды ашты.
✅ Жергілікті компаниялардың жобаларды басқарудағы ықпал етуінің даму кезеңдері: Александра жергілікті компаниялардың жобаларды басқарудағы маңыздылығын атап өтті және КГНТ-ның осы бағыттағы жұмысы туралы бөлісті.

КГНТ жобаларды басқару индустриясын дамытуға қатысуын мақтан тұтады және форумның барлық қатысушыларына өнімді пікірталастар мен тәжірибе алмасуға қосқан құнды үлестері үшін үлкен алғысын білдіргісі келеді.