2020

«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-тың Орал қаласындағы филиалы

2020 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-тың Орал қаласындағы филиалы тірткелген болатын. Аталған фактіні 26.05.2020 жылғы 10100411579345 тіркеу нөмірімен берілген филиалды тіркеу туралы куәлік пен БСН 200541017782 растайды.

Филиал Батыс Қазақстан облысының аумағында өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамытуды жақсарту бойынша жүргізілетін жұмыстың аясында КГНТ қызметін жүзеге асыру үшін құрылған.

Филиалдың тіркелуі жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық сияқты салық аударымдарының түсуін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, БҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар бизнесті жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдау үшін қосымша мүмкіндік береді.»