“КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС” ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ” ЖШС біздің әріптесіміз, досымыз және серіктесіміз КГНТ бас директорының жобаларды шетелде іске асыру жөніндегі орынбасары Мандария Тадеоз Давидовичтің ағымдағы жылдың 27 қарашасында қайтыс болғандығын қайғыра отырып хабарлайды.
Жобалау өндірісін ұйымдастыру мен жобалауда инженерлік және басшылық лауазымдардың барлық сатыларынан жоғары дәрежеде өтіп, Тадеоз Давидович Қазақстандық Жобалау институттарын тұрақты түрде басқарды. Осылайша, 2004 жылдан бастап 5 жыл бойы Тадеоз Давидович Инжиниринг жөнінде директор, кейін КГНТ президенті қызметтерін атқарды. Сонымен қоса, 2009 жылдан 2012 жылға дейін ол Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңарту жобасын басқарды, ал 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Фарнбородағы KPJV бірлескен кәсіпорнында Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасында және шетелде іске асырылатын басқа да жобаларда КГНТ мүдессін қорғай отырып, халықаралық жобаларды басқарып келді.
Тадеоз Давидович компанияның дамуына ғана емес, сонымен бірге жалпы Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика салаларының дамуына да баға жетпес елеулі үлес қосты. Сіңірген еңбегі үшін Тадеоз Давидович «Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы» және «Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының Еңбек сіңірген қайраткері» сияқты құрметті атақтармен және мемлекеттік органдардың ведомстволық наградаларымен марапатталды.
КГНТ үшін Тадеоз Давидович тек өз ісінің маманы ғана емес, сонымен бірге керемет тәлімгер және парасатты көшбасшы бола білді. Тадеоз Давидовичтің белсенділігі, жарқын жүзділігі, іскерлілігі мен жігерлілігі біз үшін әрқашан да үлгі.
Тадеоз Давидович компания мен еліміздің өнеркәсіп саласының тарихында қуатты қайраткер және мықты басшы ретінде мәңгі қалады. Оны компаниямыздың мақтанышы деп есептейміз және бізге берген өнеркәсіптік қызметтегі білімдері мен дағдыларын сақтап, оларды одан әрі арттыруға бар күшімізді саламыз.
Тадеоз Давидовичтің жарқын бейнесі біздің есімізде мәңгі сақталады.