«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС ағымдағы жылғы «11» қарашада аға-досымыз бен тәлімгеріміз болған Бас директордың жобалау жөніндегі орынбасары – Бас инженер САРТАЕВ Салахеденнің өмірден озғандығы туралы қайғыра хабарлайды.
2020 жылы Салахеден Сартаевич инженерлік және жобалау қызметінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті.
Алматы қаласындағы Қазақ Политехникалық Институтын «Металлургиялық зауыттардың механикалық жабдықтары» мамандығы бойынша аяқтап, Инженер-механик біліктілігін алды, ол өзінің еңбек қызметін Норильск тау-кен металлургиялық комбинатында инженер, аға инженер, «Норильскпроект» институтының (Норильск, Ресей) механикалық-технологиялық бөлімінің бригада жетекшісі ретінде бастады.
2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін «KAZGIPRONEFTETRANS» ЖШС OGFEI директоры (Далалық инфрақұрылымды дамыту бөлімі) лауазымын атқарды және ҚР және Орталық Азия аумағында мұнай-газ кешенінің объектілерін жобалауды басқарумен айналысты, Франция, Германия, Бельгия, АҚШ, Қытай инженерлік институттарымен үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырды. 2013 жылғы маусым айынан бастап 2018 жылға дейін ол мемлекеттік реттеуші органдардың бекіту кезеңдерін жақсы дайындау үшін КГНТ іске асырған жобаларға сараптама жүргізді.
2018 жылдан бастап Салахеден Сартаевич КГНТ компаниясы Бас директорының жобалау жөніндегі орынбасары – Бас инженер болып тағайындалды және Компанияның инженерлік блогын басқарып келді. Осы лауазымда Салахеден Сартаевич «Атырау облысында Бірінші біріктірілген газ-химиялық кешенді салу. Екінші фаза (Полиэтиленді өндіру)» және «Атырау облысында Бірінші біріктірілген газ-химиялық кешенді салу. Екінші фаза (Газ айырғыш қондырғыны және өнім құбыржолын орнату)» сияқты жобаларда және көптеген басқа жобаларда мұнай-газ өңдеу объектілерін жобалау процесіне тікелей басшылық етуді жүзеге асырды.
Сіңірген еңбегі үшін Салахеден Сартаевич Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 120 жыл» төсбелгісімен марапатталған.
Салахеден Сартаевичтің КГНТ компаниясының табысты болуына қосқан үлесіне баға жетпейді, ал оның Қазақстан Республикасындағы, алыс және таяу шет елдердегі мұнай-газ және энергетикалық кешендердің кәсіпқойлары арасындағы беделі қызметімен нығайтылған.
КГНТ үшін Салахеден Сартаевич өз ісінің кәсіпқойы ғана емес, сонымен қатар тәлімгер әрі дос болды, өте жауапты және ықыласты әріптес бола білді. Ол бізге өз ісіңе адал және жақыныңа қамқоршыл болуды үйретті.
Салахеден Сартаевичтің отбасы мүшелеріне шын жүректен көңіл айтамыз.
Орны толмас қазаға қайғыра отырып, біз оның жарқын әрі мейірімді бейнесін мәңгі есімізде сақтаймыз.