2021

«Lean Six Sigma White Belt (Лин Шесть Сигм)» бойынша оқыту сәтті аяқталды

КГНТ компаниясының барлық қызметкерлері оқытудан өтеді, өз білімдерін жаңартып және толықтырып отырады. Осылайша, жақында әріптестерімізге @pwc компаниясы ұйымдастырған «Lean Six Sigma White Belt (Лин Шесть Сигм)» оқыту бойынша сертификаттар табысталды. Лин Шесть Сигм – басқару әдістемесі болып табылады, оның мақсаты – аз шығындармен сапаны, өнімділікті арттыру және клиенттердің талаптарын қанағаттандыру, және ол компаниядағы цифрлық түрлендіру үшін маңызды алғышарт болып табылады.

Алған білімдер Компанияны одан әрі дамыту үшін пайдалы болады және тәжірибеде сәтті қолданылады деп сенеміз.