2022

КГНТ-ның инновациялар мен маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Тарасов Геннадий Александрович «Автоматты КриоЭнергоСтанция – жасыл энергетиканың болашағы» тақырыбында баяндама жасады

20 қазан күні Ташкентте өткен «Каспий мен Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай-химия» (DCACC)  жыл сайынғы конференциясында КГНТ-ның инновациялар мен маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Тарасов Геннадий Александрович «Автоматты КриоЭнергоСтанция – жасыл энергетиканың болашағы» тақырыбында баяндама жасады. DCACC – толықтай Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай-химия секторына арналған, жалғыз аймақтық іс-шара болып табылады.

Біздің команда КГНТ-ның үздік кәсіпқойларының атынан халықаралық ірі конференцияларда өз тәжірибесімен бөлісуге өте қуанышты!