ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ
Жобаның құнын басқару
Жобаның құнын басқару процесінде мынадай саймандар іске асырылады:
- жеке жұмыстар мен процестердің және жалпы жобаның құнын болжау дағдыларын талап ететін құнды бағалау.
- жобада ақша қаражатын жұмсау мерзімдері мен көлемдерін бағалауды қамтитын бюджетті жасау;
- жобаны іске асырған кезде бюджетті түзету саны мен күтпеген шығыстарды барынша азайту мақсатында құнды бақылау.
Жобаның құнын сәтті басқару үшін қолжетімді ресурстар, күнтізбелік жоспар мен жобаның ықтимал тәуекелдері туралы ақпарат назарға алынады.
Жобаның құнын басқару барысында негізгі қадамдардың бірі құнды басқару тұжырымдамасын әзірлеу болып табылады. Бұл тұжырымдама жоба шығындарын басқаруды ұйымдастыру жөніндегі жалпы қағидалар, есепке алу және құжаттау қағидаттары, ұсынылатын әдістемелер мен технологиялар қамтылады.
ЕРС жобаларды басқару
Бұл қызмет жобаның инжинирингтік, сатып алу және құрылыс кезеңдерін іске асыруды қамтиды. Жобаның инжинирингтік кезеңінің негізгі жұмыстары:
- инженерлік іздестіру;
- сметалық құжаттаманы әзірлей отырып жобалау;
- жобаны іске асыру үшін рұқсат құжаттамасын келісу және алу.
Сатып алу:
- нарықтарды талдауды;
- бүкіл жобаны орындау үшін материалдар мен жабдықтарды таңдауды және олармен жабдықтауды қамтиды.
Жобаның құрылыс кезеңі:
- құрылыс, монтаждау және жинау жұмыстарын;
- іске қосуға әзірлеу жұмыстарын;
- авторлық қадағалауды қамтиды;
ЕРС жобаларды басқарған кезде көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалаудың негізгі факторлары жұмыстарды және жоба бюджетін орындау кестелері мен кезеңділігін сақтау болып табылады.
Кеңес беру
Жобаларды басқару бойынша кеңес беру қажеттілігі дәстүрлі операциялық қызмет қолданылатын компанияларда өндірістік процесті, уақытты ұйымдастыру құрылымын, коммуникациялар және функционалды бөлу жүйесін жетілдіру қажеттілігіне байланысты туындайды. Жобаларды басқару жүйесін ендіру бойынша кеңес беру мынадай мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді:
- идеяның / жобаның тиімділігін бағалау;
- идеяны / жобаны іске асыру процесін құрылымдау;
- жобаны әзірлеу үшін неғұрлым тиімді команданы құру;
- еңбек және материалдық ресурстарды оңтайландыру;
- жұмыс жобалау құжаттамасын дайындау;
- жобаны іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды / тапсырыс берушілерді тарту.