2023

КГНТ-да жобаларды басқару

Жобаларды басқарудың халықаралық қауымдастығы (IPMA) биылғы жылы «Жобаға бағдарланған қоғамды ілгерілету» зерттеу жобасын іске асыра бастады, оның мақсаты бүгінгі таңда жобалық басқаруда неғұрлым дамыған бес елде (Германия, Қытай, Қазақстан, Хорватия, Перу) кейс-зерттеулер негізінде кәсіби ұйымдардың қоғамның жобалық бағдарлануына әсерін анықтау болып табылады.
Осы жобаның жетекшісі Доктор Рейнхард Вагнер өзінің Қазақстанға сапарының шектерінде Қазақстандық Жобаларды Басқару Қауымдастығының Директоры Майра Хабижановнамен және ҚЖБҚ сертификациялау ортылығының жетекшісі Сайдуллаев Рахматулломен бірігіп 31 шілде күні КГНТ офисіне келді. 2019 жылы КГНТ әлемдегі құзыреттіліктің жоғары IV класына сәйкестігін растайтын бірнеше ұйымдардың бірі болды және жақын арада ұйымда бүкіл ұйымда қолданылатын және басшылық бақылайтын жобаларды, бағдарламаларды және портфельдерді басқару стандарттары, құрылымдары мен процестері бар екенін растау үшін қайта сертификаттаудан өтуді жоспарлап отыр.
#кгнт#kgnt#управлениепроектами