ЖЕТКІЗІЛІМДЕРДІ БАСҚАРУ

Біз жеткізу толықтығы мен уақыттылығын қамтамасыз ететін және кез келген ірі жобаны жоспарланған мерзімде және жақсы сапада орындауға мүмкіндік беретін барлық мәселелерді ескердік. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін біз төмендегілерді жүзеге асырамыз:

ЖЕТКІЗУДІ БАСҚАРУ

Жасау және жеткізу үшін арнайы жағдайларды немесе көлік құралдарын талап ететін стандартты, стандартты емес немесе сирек кездесетін жабдықтарды жеткізу және жасап шығару мерзімдері мен көлемдері айқындалып, расталады. Нысандарда жұмыстардың кестелерін ескере отырып, жеткізуді оңтайландырамыз және шоғырландырамыз. Жеткізу шарттарын заңды түрде тексеру. Нысанда үздіксіз жұмысты қамтамасыз етеміз. Толық логистикалық және қоймалық қамтамасыз ету.

УПРАЛЕНИЕ ПОСТАВКАМИ_1

ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІ АЛДЫН АЛА ІРІКТЕУ

Жеткізушілерден алынған барлық Коммерциялық ұсыныстарды егжей-тегжейлі жан-жақты талдаймыз. Бірқатар мамандандырылған критерийлерді қолдану арқылы әртүрлі  Жеткізушілерден келетін бір типті жабдықтар мен материалдарды жан-жақты салыстыруға мүмкіндік беретін арнайы Әдістеме қолданылады. Жеткізу жағдайлары, жабдықтар мен материалдар толық көлемде біз сөзсіз сақтайтын жоғары талаптарды қанағаттандыратын Жеткізушілерді ғана таңдаймыз.

ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІҢ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН БАСҚАРУ

Инжиниринг саласындағы көп жылдық тәжірибеміз бен техникалық күрделі нысандардың жабдықтары бізге жабдықтар мен материалдардың әртүрлі типтерін қамтамасыз ететін Жеткізушілер жөніндегі ақпараттың едәуір көлемін жинақтауға және белсенді күйде сақтауға мүмкіндік береді. Жеткізушілердің деректер базасы ең заманауи және тексерілген ақпаратпен үнемі толықтырылып отырады.

ШЫҒЫНДАРДЫ БАҚЫЛАУ

Біз таяудағы және ұзақ мерзімдегі перспективадағы ілеспе шығындарды бақылау мәселелеріне үлкен көңіл бөлеміз. Бұл логистикалық рәсімдемелердің құны, ақы төлеу кестелері, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарының қолжетімділігі (бар болуы) мәселелеріне қатысты. Бұл ірі жобаларды орындау барысында ресурстар мен қаражатты неғұрлым оңтайлы бөлуды қамтамасыз етеді.

КЕЛІСІМШАРТТАРДЫ БАСҚАРУ

Жеткізушілермен жұмыс шарттық міндеттемелердің негізінде ғана жүргізіледі. Сатудан кейінгі және кепілді қызмет көрсету шектерінде Жеткізушілердің тысқары міндеттемелері Нысандар Тапсырыс берушіге берілгеннен кейін де жалғасуы мүмкін. Тапсырыс беруші Нысанмен бірге біздің тараптан қамтамасыз етілген Шарттарға сәйкес Жеткізушілер тарапынан ұзақ мерзімді білікті тараптық қолдауды алады.

ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Қажетті және жеткілікті қосалқы бөлшектердің саны бойынша сандық бағалауды алдын ала жүргіземіз. Тапсырыс берушіге алдын ала талаптар мен кестелерді береміз, оларға сәйкес ол қосалқы бөлшектердің Жеткізушілерін алдын ала танымал қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын жеткізуге дайындау қажеттілігі туралы алдын ала хабар етуге тиіс. Бұл бірдей шамада жүйелі техникалық қызмет көрсету мәселелеріне қатысты.