“КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС” ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ” ЖШС IPMA Delta® моделі бойынша компанияны халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті.
КГНТ әлемдегі «Басқарушы» жоғарғы IV құзыреттілік сыныбына сәйкестікті растаған азғана ұйымдардың бірі және IPMA Delta® V 4.0 жаңа стандарты бойынша IV құзыреттілік сыныбына ие әлемдегі бірінші және жалғыз сертификатталған ұйым болып табылады.
Қазақстандық Жобаларды Басқару Қауымдастығы ұйымда стандарттардың, құрылым мен жобаларды, бағдарламаларды және портфельдерді басқару процестерінің болуын және олардың бүкіл ұйымда қолданылуын және басшылық тарапынан бақыланылуын белгілейтін сертификатты табыстады.
Бағалауды техникалық ғылымдар докторы, Украина ғылымдар академиясының, Нью-Йорк ғылымдар академиясының академигі, Қазақстандық Жобаларды Басқару Қауымдастығының (IРМА) Директорлар кеңесінің мүшесі, IPMA Delta халықаралық асессорлар тобының жетекшісі, жетекші асессор – Бушуев Сергей Дмитриевич (Украина) және экономикалық ғылымдар кандидаты, IPMA (A), MBA, IPMA Delta асессоры – Мурзабекова Светлана Викторовна (Қазақстан) жүзеге асырды. Бағалауға сонымен қатар Қазақстандық Жобаларды Басқару Қауымдастығының директоры, э.ғ.к., доцент, IPMA жоба менеджері – Хусаинова Майра Хабижановна (Қазақстан) және ҚЖБҚ сертификаттау орталығының басшысы Сайдуллаев Рахматулло (Қазақстан) қатысты.
Жобаны басқару құзыреттілігінің сыныбын халықаралық бағалау және ұйымды IPMA Delta® моделі бойынша сертификаттау – ұйымның халықаралық стандарттарға және үздік тәжірибелерге сәйкес жобаларды басқару бойынша нақты табыстылығы мен әлеуетті қабілетін тәуелсіз бағалау. Бұл бүкіл әлемде танылған менеджменттің және жобаларды, бағдарламалар мен жобалар портфелін басқару сапасының жоғары деңгейі. Сертификатталған ұйымдар бірыңғай халықаралық тізілімге енгізіледі. IPMA Delta® сертификаты әлемнің 70-тен астам елдерінде танылады.