2020

«КГНТ» ИК» ЖШС компаниясы «ЦАТЭК GREEN ENERGY» (ЦАТЭК Грин Энерджи) ЖШС үшін «Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана ЕХРО-2017» жел электр стансасының» құрылысын авторлық қадағалау (50 МВт-қа арналған екінші қосу кешені) бойынша қызметтерді ұсынуға арналған шарттың барлық міндеттемелерін сәтті орындады.

Жобаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының энергетикалық секторын энергияны экологиялық өндіру процесін ендіруге және Республиканың энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған озық технологияларды ендіру арқылы дамыту болып табылады.

Жел энергиясын түрлендіруге арналған қуаты 100 МВт жел электр стансасы Нұр-Сұлтан қаласының орталығынан солтүстік-шығыс бағытта орналасатын болады.

Жобада екі іске қосу кешеніне жиынтық қуаты 100 МВт болатын 29 жел генераторларын орналастыру көзделген.

I іске қосу кешені 2019 жылғы 26 тамызда пайдалануға енгізілген:

  • 15 жел генераторы S1 – 01÷15; (ВЭУ V-112 қуаты 3,3МВт, қуат режімі 3,45МВт-қа дейін)

II іске қосу кешені:

  • 14 жел генераторы S2 – 01, 02, 04 ÷ 15; (ВЭУ V-117 қуаты 3,45МВт, қуатты 3,3МВт-қа дейін шектеу мүмкіндігі бар)