2020

КГНТ» ИК» ЖШС компаниясы «ЦАТЭК GREEN ENERGY (ЦАТЭК Грин Энерджи)» ЖШС алдындағы «Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана EXPO-2017» жел электр стансасын салу» (50 МВт-қа арналған екінші іске қосу кешені) жобасын авторлық қадағалау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарттың аясындағы өз міндеттемелерін сәтті орындап шықты

КГНТ» ИК» ЖШС компаниясы «ЦАТЭК GREEN ENERGY (ЦАТЭК Грин Энерджи)» ЖШС алдындағы «Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана EXPO-2017» жел электр стансасын салу» (50 МВт-қа арналған екінші іске қосу кешені) (бұдан әрі – ЖЭС) жобасын авторлық қадағалау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарттың аясындағы өз міндеттемелерін сәтті орындап шықты.

Жобаның негізгі мақсаты экологиялық таза энергияны өндіруге және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған озық технологияларды ендіру арқылы Қазақстан Республикасының энергетикалық секторын дамыту болып табылады. Жобаны іске асыру БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың республикамызда жасыл технологияларды дамыту арқылы «жасыл» мәдениетті қалыптастыру және экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі бастамаларының аясындағы парниктік газдардың шығарындыларын азайту бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауға ықпалын тигізеді.

ЖЭС Нұр-Сұлтан қаласының орталығынан солтүстік-шығыс бағытта, Ақмола облысы Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округіндегі Костомар ауылының жанында орналасқан.

Жобада жел энергетикасының әлемдік көшбасшыларының бірі болып табылатын VESTAS компаниясы жасап шығарған, экстремалды төмен температуралық режимдерде жұмыс істеуге есептелген, жиынтық қуаты 100 МВт болатын 29 жел генераторын екі іске қосу кешенінде орнату көзделген:

I іске қосу кешені 2019 жылғы 26 тамызда пайдалануға сәтті ендірілді. Жобаның бірінші іске қосу кешеніндегі 15 жел турбинасының әрқайсысында биіктігі 84 метр мұнарасы бар, ротордың диаметрі 112 метр. Әрбір жел турбинасының номинал қуаты 3,45 МВт-ты құрайды;

II іске қосу кешенін жүзеге асыру 2020 жылғы 26 қарашада аяқталды. Екінші іске қосу кешенінің аясында әрқайсысының қуаты 3,45 МВт болатын 14 жел турбинасы орнатылды, мұнарасының биіктігі 80 метр және ротордың диаметрі 117 метр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code