ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ
Техникалық қадағалау құрылысты оның барлық кезеңінде бақылау жөніндегі іс-шаралардың ажырамас бөлігі болып табылады. Техникалық қадағалау құрылыс саласындағы неғұрлым талап етілген қызметтердің бірі болып есептеледі. Техникалық қадағалаудың авторлық қадағалаудан ерекшелігі құрылыс сапасының бақылануын қамтамасыз ету мақсатында Тапсырыс берушінің мүддесінде жүзеге асырылатындығында.
Техникалық қадағалауды тапсырыс беруші өз бетінше және (немесе) қолданыстағы нормативтерге сәйкес нысандарды салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражаттың есебінен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжиниринг қызметтерін жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.
Техникалық қадағалау — бұл сараптамалық-тексеру іс-шаралары, ол арқылы:
- құрылыс жұмыстарының тиісті сапасы мен көлемі және олардың құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес болуы;
- азаматтық және өнеркәсіптік нысандарды тұрғызу мерзімдерінің сақталуы;
- жоба сметасының сақталуы: белгіленген бағалық бағдарларға сәйкес құрылыс жобасында көрсетілген құрылыс материалдарының пайдаланылуы қамтамасыз етіледі.
Техникалық қадағалау мамандары өз қызметінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдар, техникалық регламенттер, құрылыс саласындағы МЕМСТтер мен ҚНмҚлар сияқты мемлекеттік/мемлекетаралық нормативтік құжаттарды, сондай-ақ нысандардың өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
Техникалық қадағалау маманы:
- құрылыс технологиясының сақталуын;
- құрылыс жұмыстарының жұмыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес болуын;
- бақылаушы органдардың нысандарында авариялық жағдайлар туралы хабар ету мен оған берілген ұйғарымдардың орындалуын;
- құрылыс материалдары мен жабдықтардың пайдаланылуы мен сақталуын;
- жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы;
- мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында өзі жол берген мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің бұзылуын, бекітілген жобада көзделген жобалау шешімдерінен және (немесе) ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарынан нұсқауларды белгіленген мерзімдерде орындау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату құқығымен жоюын бақылайды.
Жұмыстар аяқталған соң техникалық қадағалау маманы мердігермен бірге дайын нысанның құрылыс заңнамасына, жобалау және нормативтік құжаттамаға сәйкес болуы үшін жауапкершілік көтереді.
Техникалық қадағалау маманының функциялары: жұмыстарды жүргізу мерзімдерін сақтау, шығындарды азайту, жұмыстар мен пайдаланылатын метриалдардың сапасын сақтау, құрылыс құжаттамасының дұрыс ресімделуін бақылау.
Құрылыс нысаны аяқталғаннан кейін техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды береді.