Өткен жылды қорытындылай келе және келер жылды қарсы ала отырып, біздің команда жыл сайынғы қайырымдылық дәстүріне белсенді қатысуын жалғастырады.
Естеріңізге салар болсақ, Ғажайып күнтізбе құрған болатынбыз – КГНТ-дағы соңғы жұмыс аптасының әр күні түрлі оқиғаларға толы болды. Сәрсенбі «Қайырымдылық күні» болып жарияланды.
Бұл күннің алдында бірнеше апта бойы дайындық пен қаражат жинау жүргізілді. Бұл күнге бей-жай қарамаған әріптестеріміз бен Жас мамандар кеңесінің бірлескен жұмысының нәтижесі – ORHUN онкологиялық медициналық орталығындағы балалар мен Ұлы Отан соғысының ардагері Лидия Филипповнаға жылулық сыйлады.
Осы жылы өткен жылға қарағанда көбірек қаражат жиналды: медициналық орталықтың балаларына 110 000 теңге, ҰОС ардагеріне 79 000 теңге. Балалар орталығының қарамағындағы балаларға жаңа жылдық сыйлықтар, ал Лидия Филипповнаға дәрі-дәрмектер мен азық-түлік сатып алынды.
Аз болса да, жаңа жылдық қайырымдылық дәстүріне бар күшін, қаражаты мен уақытын сала қатысқан әрқайсыңызға алғыс білдіреміз. КГНТ-да болып тұратын қайырымдылық дәстүрлері үшін рахмет айтамыз.
Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!