22 маусымда КГНТ қызметкерлері компанияның аумағында және жұмыс орындарында өткен эко-сенбілікке белсенді қатысты. Бұл сенбілік тұрақты даму және қоршаған ортаға жауапты қарау бойынша стратегиямызды іске асыруда мағызды қадам болды.
Осы күннің ішінде қызметкерлеріміз аумақты жинап, жұмыс орындарының абаттылығын жақсартты. Қалдықтарды сұрыптау мен кәдеге жаратуға айрықша көңіл бөлінді, өйткені бұл біздің экология саласындағы бастамаларымыздың ажырамас бөлігі болып табылады.
Эко- сенбілік қызметіміздің экологиялық және әлеуметтік аспектілерін жақсартуға бағытталған біздің ортақ ESG бағдарламамыздың бір бөлігі болып табылады. Біз қызметкерлеріміз үшін қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, сонымен қатар қоршаған ортаға тиетін жағымсыз әсерді барынша азайтуға ұмтыламыз.
Біз барлық қызметкерлерімізге белсенді қатысқаны және жалпы ісімізге қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз. Жұмыла салған күшіміздің арқасында біз қоршаған әлемді неғұрлым жақсы және таза етудеміз!
Сенбілік

22
Мау