Біздің қызметкерлеріміздің қызметі қауіпсіздік техникасына тығыз байланысты. Дәл сондықтан, өндірістік объектілерде, сонымен қатар офистерімізде жұмыс істейтін әрбір қызметкердің қауіпсіздігін сақтап қалу үшін көптеген рәсімдемелер жасалған. Осы рәсімдемелер құрылғыларының бірі – СТОП КАРТА болып табылады. СТОП КАРТА – әрбір қызметкердің оқиға туындағанға дейін қауіпсіз емес жағдайлардың алдын алуға және қауіпсіз емес әрекеттерді болдырмауға бағытталған жұмыстарды тоқтату құқығы.
Егер жұмыс қауіпсіз емес тәсілмен орындалып жатыр немесе қауіпсіз мінез-құлық мәдениетінің қағидаттарына сәйкес келмейді деп есептейтін болсаңыз, КГНТ компаниясының немесе мердігерлік ұйымдардың қызметкері ретінде Сіз оны кез келген уақытта уақытша тоқтата тұру немесе тоқтатып тастау үшін ЖАУАПКЕРШІЛІК КӨТЕРЕСІЗ және Сізге осы әрекеттерге ӨКІЛЕТТІКТЕР БЕРІЛЕДІ.
Есіңізде болсын, қауіпсіздік – әрқайсысымыздан басталады!