2023

КГНТ қызметкерлері ТШОның қола наградаларына ие болды

КГНТ қызметкерлері, электр-техникалық бөлік және БӨА бойынша құрылыс жөніндегі супервайзер Тлеулиев Асылбек және құбыр байламы бөлігі бойынша құрылыс жөніндегі супервайзер Аян Пернебай өнеркәсіптік мұнай өндіруді бастау ҚАЖ жобасының аяқталуын қолдау үшін газ-турбиналық генераторының механикалық монтаждау жұмыстарын аяқтау – Стратегиялық кезеңнің P83.3 белгісіне қол жеткізгені үшін ТШО – ның қола жүлдесіне ие болды.

ТШО әріптестеріміздің жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және қауіпсіздік техникасын сақтауға деген ұмтылысы үшін, сондай-ақ қауіпсіз еңбек мәдениетін нығайтуға, жағымды сындарлы орта құруға және әлемдік деңгейдегі өнім өндіруге ықпал ететін жұмыстарды қауіпсіз орындауды дұрыс жоспарлауға деген жеке көзқарасын жоғары атап өтті.
КГНТ өз тарапынан Асылбек пен Аянға жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны және біздің маңызды тапсырыс берушіміздің алдында Компанияның имиджін сақтағаны үшін алғыс білдіреді.