КГНТ жобалап және құрылыс жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар әрбір адамға, әсіресе жас мамандарға тән шығармашылық әлеует туралы ұмытпайды. Оларды елемеу мүмкін емес және олардың неғұрлым жастық көзқарастары мен ойлау қабілеті – Компанияның үлкен жетістіктеріне әкелетін жол!
Назарларыңызға Компанияның қабырғасында өтетін қызықты іс-шаралар үшін жауапты ең жас, шығармашыл қызметкерлерді – Жас Мамандар Кеңесін (ЖМК) ұсынамыз. Жақында ғана құрылған жас мамандар командасы компанияны ілгерілетуге, басқа қызметкерлердің арасында компанияның іс-шараларына неғұрлым белсенді қатысуды танымал етуге дайын, кез келген сайысқа КГНТ туымен, сонымен қатар оларды басқалардан ерекшелейтін белгілермен шығуға дайын.
Кеңестің негізгі мақсаты: жас мамандарға өзін-өзі іске асыруға, шығармашылық және мансаптық дамуына, корпоративтік этиканы игеруге, біліктілігін арттыруға және т.б. көмек көрсету. Өзінің шығармашылық әлеуетін Компанияның қабырғасында іске асыруға ниет білдіретін барлық қызметкерлерге өткендеу тілейміз, ал бүкіл ЖМК командасына шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!