КӨРМЕЛЕР
KIOGE 2015 Халықаралық мұнай-газ көрмесі «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-ның көрме қатысушыларымен тиімді тәжірибе алмасуына қамтамасыз етті
Көрме жыл сайын ҚР энергетика Министрлігі, «КазМунайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ, Алматы қаласы әкімшілігі, «KazService» Қазақстан сервистік коипаниялар одағы және қатысушы елдердің дипломатиялық миссияларының ресми қолдауымен өткізіледі.
Башнефтегеофизика, Welltec, Вэлан, Группа ГМС, Озна Компаниясы, Lloyd’s Register Energy, Приводы Аума, Тенгизшевройл,
TMF Group, Fluor, Honeywell компаниялары – KIOGE 2015 әріптестері ретінде әрекет етті.
КГНТ 23-ші KIOGE-2015 «Мұнай және газ» Қазақстандық Халықаралық көрмеге қатысты (6-9 қазан 2015ж., Алматы қ-сы). Көпжылдық дәстүр бойынша КГНТ стенді орталық көрме залында орналасты, беделді және танымал бірі болды, арнайы әсерлерді қолданып халықаралық деңгейдегі инновациялық стильде жүргізілді.
Көрменің жұмысы барысында КГНТ стендімен 1000-нан астам мұнай-газ компанияларының өкілдері, 14 елден жабдықтарды жеткізушілер және сервистік компаниялар танысты. Біздің қонақтарымыздың арасында мұндай көрнекті қайраткерлер болды: ҚР Энергетика вице-министрі М.М. Мирзагалиев, ҚР индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рау, КазТрансОйл бас директоры К.М. Карабалин, КазТрансГаз басқарма төрағасы К.К. Шарипбаев және тағы басқалар.
2015 жылғы ең жақсы экспоненттер конкурсының нәтижесінде КГНТ «Ең Жоғары Технологиялық Стенд» арнайы жүлдеге ие болды.»
КГНТ стенды 9В павильонында орналасты, стенд нөмірі В7
Көрме бөлімдері:
- Мұнай және газ өндіру және қайта өңдеу
- Мұнай-газ жабдықтары
- Мұнай және газ тасымалдау, өзге де транспорттық қызметтер, логистика
- Геофизикалық қызметтер
- Экологиялық қоршаған ортаны қорғау қызметтері
- Жобалық зерттеу, жобалау
- Құрылыс жұмыстары
- Инжиниринг және консалтинг