Қызметкерлеріміз — Сауле Байгаранова, Светлана Гогуля және Татьяна Ким — Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырған, Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған ауқымды семинарға белсенді қатысып қайтты.
Іс-шара 2025 жылғы 19 қыркүйекте «Atakent Park Hotel» ғимаратындағы «Конгресс Холл» мәжіліс залында өтті. Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің және Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері сөз сөйледі.
Ұйымдастырушыларға біліктілікті жоғарылату мүмкіндігі үшін алғысымызды білдіреміз және алған білім компаниямыздың жаңа салық талаптары жағдайларында тиімді жұмыс істеу үшін маңызды сайман болады деген сенімдеміз.