2024 жылғы 7 маусым күні КГНТ-ның Алматы қаласындағы офисінде жоспардан тыс сейсможаттығу сәтті өтті. Іс-шараның маңыздылығын ұғына отырып, қызметкерлеріміз бен келушілер нұсқаулықтарды қолдана отырып, ғимараттан шығып, эвакуациялау жоспарына сәйкес қауіпсіз орынға шығарылды.
Эвакуациялық жаттығу – қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесіндегі маңызды, жауапты және күрделі іс-шаралардың бірі болып табылады. Эвакуациялау бойынша оқу жаттығуларын жиі өткізіп тұру жер сілкінісі, өрт кезіндегі мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді және төтенше жағдайлар туындаған кезде ғимараттан жылдам әрі қауіпсіз шығуға даярлықты қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз! #kgnt50 #сейсможаттығу #dreamteamkgnt
Сейсможаттығу

13
Мау