РЫНКИ
КГНТ құрлықта күрделі құрылыс жүргізу кезінде мұнай-газ және мұнай-газ конденсаты кен орындарын жайластыру объектілерін (технологиялық инфрақұрылым) жобалайды.
Осы бағыттағы қызметтердің кешені жаңа кен орындарын жобалауды, қолданыстағы кен орындарын жайластыру объектілерін қайта құру мен техникалық қайта жарақтандыруды (жаңғырту) қамтиды. Бұл ретте кен орнының оңтайлы және авариясыз пайдаланылуын қамтамасыз ететін арнайы ұйымдық-техникалық іс-шараларға ерекше көңіл бөлінеді.
Кен орындарын жайластыру жұмыстары техникалық құралдардың саны, номенклатурасы, нысаналы мақсаты көрсетілген бас жоспар бойынша жүргізіледі.
Жерүсті қондырғылары мен кешендерге бастапқы шикізатты жинау және тасымалдау жүйесі, мұнай және газды өңдеу және сақтау кешендері, пайдаланылмаған фракцияларды, қоспалар мен қойнауқат суын кәдеге жарату және қайта айдау жүйелері, коммуникациялар жүйелері, қуаттарды кеңейту бойынша кешендерді және көптеген басқасы сияқты функционалы бойынша әртүрлі көптеген құрылғылар мен механизмдер кіреді.
Көмірсутектерді құбырмен тасымалдау жүйесін жобалау сонымен қатар біздің компания жүзеге асыратын бағыттардың біріне жатады. Мұнай өнімдерін құбырмен тасымалдау осы табиғи энергия тасымалдағыштарды оларды одан әрі өңдеу орнына дейін ең үнемді тәсіл болып табылады.
Құбыржолының ұзындығы құбырдың диаметрі 1,5 м-ге дейін болған кезде 1000 км-ден асады, олардың көбісі жер астымен немесе су астымен тартылған.
Құбыржолы арқылы мұнай және газ үлкен қашықтыққа тасымалданады және біздің автомобильдерге арналған бензин және үйлерімізге арналған электр энергиясы сияқты энергияның әртүрлі нысандарына түрлендіріледі.
Магистральды құбыржолдары аумағы арқылы өтетін көптеген мемлекеттерде қауіпсіздік нормаларына жауап беруі тиіс. Бірыңғай нормалар, стандарттар мен қағидалар құбыржолдарының қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
Теңіз құрылыстары қала құрылысын жоспарлаумен қатар технологиялық талаптарға, геологиялық және басқа табиғи және пайдалану жағдайларына сүйене отырып жобаланады, солардың негізінде порттың құрастырмасы, құрылыстардың ұзындығы, тігінен тегістеу белгілері, нормативтік пайдаланымдық жүктемелер, қолайлы су, темір жол және автожол өтпелері мен көптеген басқасы анықталады.
Теңіз порттарын технологиялық жобалаудың басты міндеті – заманауи және перспективалы көлік кемелерін қауіпсіз қабылдау, жылдам тиеу-түсіру және кешенді қызмет көрсету талаптарын қанағаттандыратын және көліктің теңіз және аралас түрлерінде тасымалдаудың үдемелі тәсілдерінің талаптарына жауап беретін бірыңғай кешен ретінде порттың оңтайлы шешімін алу болып табылады.
Мұнай өнімін қамтамасыз ету кәсіпорындары мұнай өнімдерін қабылдауды, кейіннен сақтауды және тұтынушыларға жөнелтуді қамтамасыз ететін өндірістік және қосалқы нысаналы мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың кешені болып табылады.
Химиялық өндіріс объектілерін, соның ішінде мұнай өндіретін және мұнай химиясы зауыттарын жобалау – әртүрлі факторларды есепке алуды талап ететін процесс болып табылады.
МӨЗ бас жоспарларын әзірлеген кезде шикізатты технологиялық ағында өңдеу реттілігі, технологиялық байланыстарды, санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы талаптарды ескере отырып аумақты функционалды аймақтау; кәсіпорын ішіндегі, сондай-ақ кәсіпорын мен тұрғын кенті арасындағы оңтайлы инженерлік байланыстар; құрылысты кезекпен немесе іске қосу кешендерімен жүзеге асыру мүмкіндігі; жерасты сулары мен ашық суқоймаларын ағын суларымен және қалдықтармен ластанудан қорғау көзделеді.
КГНТ соңғы онкүндік ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеп жатқан басты мұнай өңдеу объектілерін жаңғыртуда. МӨЗ-ді жаңғырту бағдарламасын іске асыру мұнай өңдеу барысында жоғары сапалы ашық түсті мұнай өнімдерін өңдеуді едәуір арттыруға, нарықты жоғары сапалы отынмен қамтамасыз етуге, ҚР-дың экономикалық және технологиялық тәуелсіздігін арттыруға, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, ресурстарды мен энергияны үнемдеу жөніндегі заманауи стандарттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді.
КГНТ-ның вахта қалашықтары, қойма жайлары мен өнеркәсіптік объектілердің жанындағы кешендер, кеден посттары, әртүрлі материалдар мен шикізатты шығару зауыттары, қазандық пен қосалқы стансалар, автомобиль жолдары мен жайластыру объектілері, ТЭО және көптеген басқасы сияқты энергетикалық және азаматтық құрылыс объектілерін жобалау тәжірибесі бар.
2014 жылы КГНТ энергияның баламалы көздерінің объектілерін жобалау мен салуға бағыт алды. Осылайша КГНТ отын-энергетикалық ресурстарының жалпы шығысын азайту және қоршаған ортаға кері әсерді барынша азайту мақсатында ҚР энергия теңгеріміне Қалыпқа келтірілетін Энергия Көздерін тарту жобасын іске асырды және бұл «Жасыл экономиканың» негізгі бағыттарының бірі болып табылады, оған өту концепциясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 жарлығымен бекітілген болатын. Қуаты 100 МВт жел электр стансасы салынды, оның бірінші кезегі 2019 жылы іске қосылды. Қазіргі таңда екінші кезектің құрылысы жүргізілуде.
Қалдықтарды өңдеу арқылы энергия алу кешендерін жобалау және салу біздің компания қызметінің ең жаңа бағыттарының бірі болып табылады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарға азық-түлік қалдықтары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары (пайдаланылған материалдар), ҚТҚ-ның қауіпті құрамдас бөліктері (ауыр металдар, ауру тудырғыш микроағзалар және басқасы), сондай-ақ бағалы шикізат материалдары (қағаз, металдар, пластмасса, шыны және өзгесі) жатқызылады.
Біздің компанияның негізінде жобаланатын кешендер коммерциялық бөлікті (қайталама шикізат) іріктей отырып сұрыптау және ыдырау өнімдерін кейіннен бейтараптандыра және электр энергиясына айналдыру арқылы жылу энергиясын кәдеге жарата отырып қалдықтарды термокаталитикалық ыдырату (соңғы қалдықтарды жағу) арқылы кешенді өңдеу (ҚТҚ) үшін арналған.