Әлемдік эпидемиологиялық және нарықтық жағдай бизнесті оның әлсіз жақтарымен және дағдарыстық жағдайларда өзгертулерге дайын еместігімен беттестіреді. Бизнесті тұрақты дамыту «КАЗГИРПОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-тың мұндай жағдайлардағы осы бағыттағы басымдықтарының бірі болып табылады. Осыған байланысты өңірде карантинді кезең-кезеңмен ендіру сәтінде компания «Тұрақты дамыту жөніндегі нұсқаулықты» жаңартып, оған болжалды сценарийге сәйкес компанияның әрекеттері туралы түзетулер енгізілді.
COVID-19 вирусының пайда болуына байланысты туындайтын өзгерістер мен жағдайларға ден қою тобына компанияның жұмыскерлері тағайындалды. Топтың құрамына адам ресурстарын басқару бөлімінің бастығы, ЕҚ, ДжҚОҚ жөніндегі менеджер және сапа жөніндегі менеджер кіреді.
Компанияның басшылығы сонымен қатар қашықтан жұмыс істеу режіміне бизнес пен жұмыскерлер үшін қауіпсіз өту бойынша бірқатар шараларды қабылдады.