Осы жылы КГНТ-ның жаңа жылдық дәстүрі «КотоПес» панажайындағы үйсіз иттер мен мысықтарға көмек көрсетуден басталды.
КГНТ-ның барлық жанашыларының атынан ақшалай қаражат жиналды, жиналған қаражатқа 8,3 кг иттерге арналған азық және 120 дана мысықтарға арналған сұйық азық алынды. Сондай-ақ панажайдағы отадан кейінгі және көшеден табылған жануарларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында, көптеген қызметкерлерімізден көрпе, ақжайма, ойыншықтар және басқа да төсек жабдықтары келіп түсті.
Барлық жанашыр әріптестерімізге және котопес фондқа панажайына төрт аяқты жануарларымызға көрсетіп жатқан жақсылықтары үшін алғыс білдіреміз.
Панажайдың қарауында 60 мысық пен 20 ит бар екендігін еске саламыз. Естеріңізде болсын, кез келген адам жануарларды үймен қамтамасыз етіп немесе материалдық көмек көрсетіп, олардың өмірін құтқара алады.
#ДОБРЫЕТРАДИЦИИКГНТ