2021

Халықаралық деңгейдегі еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау жөніндегі IOSH сертификаты табысталды.

Қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі – Компаниямыздың ең негізгі құндылықтарының бірі болып табылатындығы ешкімге құпия емес. Оқыс оқиғасыз 9897593 адам-сағат көрсеткіші дұрыс құрылған қызметкерлеріміздің қауіпсіздің жүйесінің нәтижесі болып табылады. Компания барлық қызметкерлерді өзінің локацияларында, сонымен қатар офистерінде барынша қауіпсіздендіру үшін бар күш-жігерін салуда.

Таяуда IOSH халықаралық стандарты бойынша оқыту шеңберінде ЕҚ, ДжҚОҚ жөніндегі менеджер Виктория Киселева оқудан өтіп, халықаралық деңгейдегі сертификатқа ие болу арқылы өз  білімін растады.

Курстың негізгі мақсаты – «менеджерлер ретінде қабылданған мамандардың ҚТ жөніндегі талаптарды орындауына көз жеткізу және оларға ҚТ жөніндегі өз жүйелерін қайта қарауға мүмкіндік беру, бақылаудың жаңа шараларын ендіру немесе жұмыс орындарын неғұрлым қауіпсіз ету үшін мүмкіндігінше өзгертулерді қолдану».

Әріптестер, естеріңізде болсын, қауіпсіздік – әрқайсысымыздан басталады!