2021

Тәуекел-Менеджмент Жүйесінің Негіздері» сертификаттары берілді

Тәуекелдерді басқару – қолайсыз нәтиженің туындау ықтималдылығын төмендетуге және ықтимал шығындарды барынша азайтуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және орындау процесі. Тәуекелдерді талдау кез келген қызмет үшін маңызды.

КГНТ-да барлық процестер жоғары нәтижелерге қол жеткізуде негізгі рөлді атқаратын тәуекелдерді басқару арқылы жүзеге асырылады. Дәл сондықтан осы саладағы білім үнемі толықтырылып және жаңартылып отырады. Жақында сапа жөніндегі мамандарға, сонымен қатар ЕҚ, ДжҚОҚ жөніндегі менеджерге «Тәуекел-Менеджмент Жүйесінің Негіздері. ISO 31000:2018 стандарты» тақырыбындағы сертификаттар табысталған болатын.

Әріптестер, алған жаңа білімдеріңіз құтты болсын! Жаңа дағдыларыңыз жаңа биіктіктерге жетелер жолда пайдалы болсын.