КГНТ-да жаңа дәстүр – бас директор өзінің бастамасы бойынша компанияда мерейтойлық дата жұмыс істеген әріптестерді құттықтайды. Теңіздегі қызметкерлеріміз де назардан тыс қалмады. Пандемияға байланысты Теңізге бару саны едәуір азайды, бірақ жуық арада бас директор Александра Бекишева Теңіз кен орнына барып қайтты, сол кезде қызметкерлерімізге Компаниядағы 5 жылдық адал еңбегі үшін КГНТ құрмет грамоталарын табыстады. Теңіздегі әріптестеріміз торт түріндегі дәстүрлі сый-сияпаттан да құр қалмады. Өкінішке орай, барлық мерейтой иелерін суретке түсіріп алуға мүмкіндік болмады, бірақ біз әрқайсысыңызға алғыс айтамыз және әрқайсысыңызды құрметтейміз. Сенімдеріңіз үшін рақмет!
Теңізде қызметкерлерді құттықтау

24
Қар