ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

2019 жылы КГНТ компаниясында қалдықтарды сегрегациялау жөніндегі бағдарлама ендірілді, соның арқасында тікелей офистен қоршаған ортаға кері әсерді барынша азайта аламыз, осылайша Компания кабинеттерде қоқыс жәшіктерін пайдаланудан бас тартты және эко-бокстарды пайдалануға өтті, сонымен бірге күн сайын қалдықтарды жеке-жеке жинау бойынша мәдениетті дамытуда. Сондай-ақ компанияда пластик пайдалануды қысқарту жөніндегі бағдарлама әрекет етеді. Бағдарламаның негізгі ережелері: пластик стақандарды, пластик бөтелкелерді пайдалануды қысқарту және оларды шыны түрлеріне ауыстыру. Полиэтилен пакеттерді қысқартып, эко-сөмкелерге өту туралы шешім қабылданды.