Миссия, Болжам, Құндылық
МИССИЯ
Біздің миссиямыз – Қазақстан Республикасын дамыту игілігіне техникалық прогресті, үздік әлемдік практикалар мен кәсіпқойлардың тәжірибесін біріктіру болып табылады
ПАЙЫМ
Жинақталған тәжірибені үнемі жақсарта отырып, дәстүрді сақтаймыз және озық технологиялар мен халықаралық серіктестікті қолданамыз, кәсіпқойлардың тәлімгерлігі мен дарынды тұлғаларды іздестірудің арқасында біз кез келген күрделі жобаларды іске асыру үшін командаларды құрамыз және қызметтің географиясын кеңейтеміз
СТРАТЕГИЯ
- Қауіпсіздікке шартсыз бейілділікті қамтамасыз ету;
- Компанияның табыстылығын арттыра отырып, серіктестермен және тапсырыс берушілермен тығыз қарым-қатынас орнату;
- Қызметтерді ұсынған кезде шешім қабылдаудың инновациялық әдістерін қолдану;
- Жобаларды халықаралық технологиялар мен жергілікті жобаларды іске асырудың үздік практикаларын интеграциялау арқылы орындау;
- Қоршаған ортаға тиетін кері әсерді қысқарту;
- Қызметкерлердің біліктілігі мен әл-ауқатын арттыру.
«КАЗГИПРНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-ТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Құндылықтар – біз сенетін дүние, күнделікті қарым-қатынастағы тірегіміз немесе құбылнамамыз
- Қауіпсіздік
Біз әрбір қызметкер өмірінің барлық салаларында қауіпсіздікке бағдарлану және ақпараттық сақталуды қолдау арқылы қауіпсіз еңбек мәдениетіне бейілдіміз
- Іскерлік этика
Іскерлік этика қағидаттарын сақтай отырып, біз әрбір қызметкердің мінез-құлық моделін қалыптастырамыз, бұл мінсіз беделге және мүдделі тараптармен тиімді өзара әрекет етуге септігін тигізеді
- Сапа
Клиенттердің үмітін ақтауға талпына отырып, біз сапаны жалпыға бірдей басқару мен процестердің үздіксіз жақсартылуын қамтамасыз етеміз
- Қамқорлық
Бір әрбір қызметкерге қамқормыз және оны бағалаймыз, әрқайсысымыздың әлеуеті мен дарынын іске асыру үшін барынша қолайлы жағдайлар жасап отырамыз
- Инклюзивтілік
Бір бәріміз бірегей тұлғамыз және біздің сан қырлы бірлестігіміз уақыттың барлық сын-тегеуріндеріне жауап бере алатын неғұрлым тиімді командаларды құруға мүмкіндік береді
- Тұрақты даму
Біз болашақ алдындағы қағидаттарды ұстанамыз және табысқа апаратын жолда ешбір сәтке біздің қоғамның талаптары мен қажеттіліктері туралы ұмытпаймыз, қоршаған ортаға тиетін кері әсерді барынша азайтамыз
Міндеттемелерге адал болу
Мүдделі тараптардың талаптарын ескере отырып, барынша тиімді шешімдерді қабылдау арқылы қызметкерлер, тапсырыс берушілер, қоғам алдындағы міндеттемелерімізді ұғынамыз және қабылдаймыз
- Ниеттестік
Біз қызметкерлеріміздің, серіктестеріміздің, клиенттеріміздің ниеттестігін жоғары бағалаймыз және барлық мүдделі тараптардың сенімді қарым-қатынасын күтеміз
- Инновациялар
Біз инновацияларды құптаймыз және бұл бізге ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану үшін үздік шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ, ЭКОЛОГИЯ, КӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ
Сапа, экология, кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясатты іске асыру бағыттары:
- Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс объектілерін жобалау саласындағы қазақстандық жобалау және инжинирингтік компаниялардың арасындағы көшбасшылық;
- Сапаны үнемі мониторингілеу арқылы, соның ішінде тапсырыс берушілер мен мемлекеттік сараптамадан келіп түсетін наразылықтардың бар болуы және саны бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын үнемі жақсарту;
- Ішкі корпоративтік рәсімдемелерді, корпоративтік рухты (идеялар, қүндылықтар, уәж, ұмтылыс, үміт), сонымен қатар ұйымда іске асырылатын міндеттер мен функцияларды жетілдіру, тәлімгерлік және коучинг институтын көтермелеу;
- Жобалаудың озық бағдарламалық-техникалық шешімдерін іздестіру, сынау және енгізу;
- Компанияның шығындарын азайту үшін басқару процестерін автоматтандырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
- Компания қызметінің сипаты мен ауқымына сәйкес келетін персоналдың қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қоршаған табиғи ортаға әсерді барынша азайту;
- Авариялардың, оқыс оқиғалар мен жазатайым оқиғалардың туындау қаупі мен тәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және енгізу, олардың туындауының ықтимал себептерін уақтылы бақылау және жою;
- Компанияның қызметіне қатысты ҚазақстанРеспубликасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің, компанияның экология, кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық сақтау саласындағы ішкі құжаттарының, соның ішінде ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 / ISO 45001 стандарттары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Осыған сүйене отырып, Компанияның Басшылығы өзіне төмендегідей міндеттемелерді қабылдайды:
- Компанияның Біріктірілген менеджмент жүйесін қолдау, үнемі талдау және үздіксіз жетілдіру;
- Жобаланатын объектілердегі экологиялық ахуалға, кәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға әсерін тигізетін үздік әлемдік жобалық шешімдердің қолданылуын қамтамасыз ету;
- Персоналдың назарына өнім мен өндірістік процестерге қатысты белгіленген заңнамалық және басқа нормативтік талаптарды, сондай-ақ тұтынушылардың талаптарын жеткізу және оларды орындау;
- Сапа, экология, кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясат пен мақсаттарды қолдау, мерзімді түрде қарау және бүкіл персоналдың назарына жеткізу;
- Процестерді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;
- Персоналды оқыту және оның сапа, экология, кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы біліктілігін арттыру.