IT ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС заманауи технологияларды ендіру есебінен көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіруге және жақсартуға үнемі ұмтылады. Соңғы жылдары компания бірқатар өнімдер мен шешімдерді ендіріп, қолдануда, олардың арасында виртуалдандыру және кластерлеу технологиясын қолданатын заманауи, өнімділігі жоғары және масштабталатын аппараттық платформа бар. Соның арқасында компанияның есептеу қуаттары компанияның барлық өндірістік қажеттіліктерінің қамтылуын қамтамасыз етеді.
Өндірістік деректер мен сервистерді қорғау – бизнестің үздіксіз және қауіпсіз жұмысының негізгі элементі. КГНТ компаниясында бизнес күрделі деректерді резервтік көшіру HP және CommVault сияқты компаниялардың жабдықтары мен бағдарламалық өнімдерін қолдана отырып, нақты регламенттелген рәсімдеменің негізінде жүзеге асырылады. Жабдықталған серверлік жай қауіпсіздік талаптарына толық жауап береді. Сонымен қатар Cisco Systems компаниясы жабдықтарының негізінде салынған заманауи өнімділігі жоғары, қауіпсіз, масштабталатын және сенімді деректерді жіберу желісі – корпоративтік қосымшалар мен деректерге арналған сенімді платформа сәтті ендірілді. Орнатылған ғимаратты резервтік қоректендіру жүйесі офиске электр энергиясының үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді. Жүйеде осы саладағы әлемдік көшбасшылар — Wilson (Ұлыбритания) және Elit (Италия) компанияларының жабдықтары қолданылған.
Жұмыскерлердің ұтқырлығы мен тіл табысушылығы – орындалған жұмыстардың жедел әрі тиімді нәтижесінің кепілі.
Ендірілген ip телефония мен бейнеконференцбайланыс жүйесі коммуникация деңгейін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Жүйе Cisco, Polycom және Microsoft жабдықтары мен бағдарламалық өнімдерінің негізінде құрылған.
Өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында компанияда KIP жапон фирмасының жобалау құжаттамасын шығару бойынша өнімділігі жоғары жүйесі қолданылады, бұл жұмыс уақытының бір сағаты ішінде A0 форматында 400 парақты шығарып, автоматты түрде ресімдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ғимараттың әрбір қабатында А3 форматындағы желілік принтерлер орнатылған.
Компания деректердің кез келген түрін тиімді және қауіпсіз сақтауға ұмтылады. Осы мақсатта КГНТ компаниясында заманауи құралдармен, өрт сөндіру жүйесімен, мобильді стеллаждармен және картотекамен жабдықталған мұрағат жайы қолданылады.
Қауіпсіздік – компанияның негізгі даму бағыттарының бірі болып табылады. Осы мақсатта жағдайды, тәртіпті, персонал мен келушілердің қауіпсіздігін бақылауға, материалдық құндылықтар мен ақпараттың сақталуын қамтамасыз ететін ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесі орнатылып, қолданылады. Сонымен қатар ғимаратқа кіруді бақылау бойынша заманауи жүйе рұқсатсыз кіруден қорғайды және келушілер мен персоналдың кіруін, жүруін бақылауға мүмкіндік береді. Орнатылған өрт дабыл беру және сөздік хабарлау жүйесі төтенше жағдай туындаған кезде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
КОМПАНИЯНЫҢ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Ақпаратты басқару жүйесін құру үшін компания Microsoft SharePoint 2016 платформасында корпоративтік порталды жасап шығарды. Корпоративтік портал әртүрлі ақпаратқа – құжаттарға, деректер базасына құжаттардың сканерленген көшірмелеріне, әртүрлі медиа контентке ыңғайлы қол жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Портал сонымен қатар ақпараттың сенімді сақталуын және оған қатаң қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ақпаратты өңдеу және талдау, кәсіпорынның бизнес процестерін автоматтандыру деректермен жұмысты едәуір жеңілдетуге, қызметкерлердің уақыт шығындарын азайтуға және олардың қызметінің неғұрлым сапалы орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ҚҰРАЛДАРЫ
Жобаларды басқару Microsoft Project 2016, Oracle Primavera P6 Professional Project Management және IMS (Information Management & Safety System) бағдарламаларында жүзеге асырылады. Primavera және Project — жобаларды басқару және бақылау, жобада қолданылатын ресурстарды, материалдар мен жабдықтарды қадағалау үшін қолданылатын бағдарламалық өнімдер.
Бекітілген бизнес-процестердің аясында өндірістің бүкіл кезеңінде деректерді басқару үшін КГНТ бағдарламашылары арнайы IMS бағдарламалық өнімін жасап шығарды. Бағдарлама жоспарлаудың, есепке алудың, мониторинг жүргізу мен жобалаудың барлық негізгі процестерін байланыстыруға мүмкіндік береді. Әртүрлі есептер құжаттаманы жобаның кез келген кезеңінде қадағалауға мүмкіндік береді. Бағдарлама компанияның жекеменшік әзірленімі болып табылады.
ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
Компания өз жұмысында Microsoft, Intergraph SmartPlant, Autodesk, Bentley, Adobe, Corel сияқты әлемдік сатушылардың бағдарламалық жасақтамаларын, сондай-ақ жекеменшік әзірленімінің негізіндегі шешімдерді қолданады;
Microsoft компаниясымен Open Value Subscription корпоративтік келісіміне қол қойылған, бұл бағдарламалық жасақтаманың лицензиясына жұмсалатын шығындарды оңтауландыруға және Microsoft энтерпрайз өнімдерінің кеңейтілген функционалына рұқсат алуға мүмкіндік берді. Осы келісімнің арқасында компания кез келген уақытта Microsoft компаниясының әртүрлі бағдарламалық жасақтамасының кез келген санын қолдана алады;
Компанияның жобалау топтары Autodesk компаниясы өнімдерінің шамамен 192 лицензиясын, соның ішінде 3D жобалау үшін қолданады;
Өзінің жобалау қызметінде КГНТ мынадай есептеу бағдарламаларын қолданады: Mathcad Professional, ЛИРА-САПР, Фундамент, Mathcad Individual, СтройКонсультант, ЭСПРИ ПРО, Потенциал, V-Ray, GS.Trace&Profile C3D, GS.Geology&DB GS.PipeLine&DigCalc ОҚШАУЛАУ, ПРЕДКЛАПАН, СТАРТ, Гидрожүйе,
АВС-4РС, EnergyCS, Garmin Expert GPS, STAAD.Pro V8i, Trimble Business Center, LEICA Geo Office Combined, ТОКСИ+Risk, DOMENIK (жекеменшік әзірленім).
КГНТ компаниясының өндірістік мақсаттарында қолданылатын лицензиялық бағдарламалық жасақтамалардың жалпы саны – 3172 лицензияны құрайды.
PROMT Translation Server (PTS) 9.55 Мұнай және газ – мұнай-газ секторындағы компанияларға арналған арнайы салылық корпоративтік шешім;
SDL Trados Studio – жеке аудару бөлімдері бар компанияларда аудару міндеттерін орындау үшін арналған және аудармашылар тобының жергілік желі аясында аудармалардың бірыңғай жадымен келісілген жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
UltraСompare – түпкілікті мәтінді өзгерту енгізілген мәтінмен жартылай автоматты түрде салыстыратын бағдарлама;
ABBYY Lingvo x 5 Проф. – құрамына қазақ тілінің сегіз заманауи сөздіктері кіреді, бұл ретте бағдарламада ағылшын және орыс тілдері бойынша сөздіктердің толық жиынтығы бар.