ЖАҢАЛЫҚТАР

«ЭКО-Қаһармандар рейтингісі»

КГНТ 50 жыл бойы қоршаған ортаға қамқорлық танытып, жобаларды жобалауда экологиялық талаптарды есепке ала отырып жүргізетіндігін қуана хабарлаймыз. 2019 жылдан бері компания табиғатты қорғауға белсенді түрде маңызды үлес қосып келеді, ол Алматы қаласындағы қайта өңдеу шикізатын өткізу бойынша 2023 компанияның ішіндегі 5-орынға ие. Біздің эко-мәдениетімізге қосылыңыздар, достар! Жарқын әрі тұрақты болашақты бірге құрайық!

«Energy Trends: Gas & Petrochemicals» конференциясы

The First Conference “Energy Trends: Gas & Petrochemicals” was held on 27th October 2023 in Astana, in Hilton Astana Expo Hotel, under the informational support by KGNT. The event was organized by the Public Foundation “ENERGY MONITOR”, with the support of the Ministry of Energy of the Republic of Kazakhstan and NC “QazaqGaz”.

Alexandra Bekisheva, General Director of KGNT, was in charge of the delegation participating in the discussion of new capital projects for production, processing and transportation of gas in Kazakhstan.

At the panel session “New Capital Projects in the Gas Industry”, Gennady Tarasov, KGNT’s Managing Director for Innovation and Marketing, presented innovative solutions, in particular 3S technology for cost reduction in gas processing.

The potential of 3S-technology was discussed as a promising way to reduce the gas industry capital and operating costs.

This Conference has gathered representatives of government agencies, investors, licensors, contractors and financial institutions. This was not just an event for KGNT, but an opportunity to improve its understanding of customers and market development strategies, which will be a key success factor in the future.

Идеядан іске асыруға дейінгі EPC ірі жобаларын басқару форумы

2023 жылғы 20 қазан күні Астана қаласында жобаларды басқару әлеміндегі маңызды іс-шара өткізілді және КГНТ осы іс-шараға айтарлықтай үлес қосты. Жобаларды басқару тақырыбына арналған осы жобада компанияның Бас директоры Александра Бекишева «Ірі капиталдық жобаларды және ЕРС-келісімшарттарын басқарудағы үздік тәжірибелер мен сәтті кейстер» тақырыбы бойынша спикер ретінде сөз сөйледі. Осы қызықты баяндаманың шеңберінде келесідей аспектілер талданып, талқыланды:
✅ Жоба кезеңдері:. Александра әр фазасының маңыздылығына мән бере отырып, жобаның басталу сәтінен сәтті аяқталуына дейінгі дамуы туралы маңызды практикалық білімімен бөлісті.
✅ Жобаларды басқарудағы күрделі мәселелерді шешу жолдары: КГНТ жобаларды тиімді басқаруды және табысты аяқтауды қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасындағы инжиниринг саласының ажырамас бөлігі болып саналатын әдістер мен стратегияларды ашты.
✅ Жергілікті компаниялардың жобаларды басқарудағы ықпал етуінің даму кезеңдері: Александра жергілікті компаниялардың жобаларды басқарудағы маңыздылығын атап өтті және КГНТ-ның осы бағыттағы жұмысы туралы бөлісті.

КГНТ жобаларды басқару индустриясын дамытуға қатысуын мақтан тұтады және форумның барлық қатысушыларына өнімді пікірталастар мен тәжірибе алмасуға қосқан құнды үлестері үшін үлкен алғысын білдіргісі келеді.

«Энергетика және автоматтандырудағы Phoenix Contact өнімдері мен шешімдері. Жаңа өнімдерге шолу»

КГНТ қызметкерлері «Энергетика және автоматтандырудағы Phoenix Contact өнімдері мен шешімдері. Жаңа өнімдерге шолу» тақырыбындағы семинарға қатысты, онда энергетика мен автоматтандыру саласындағы өнімдер мен шешімдер туралы, соңғы технологиялық әзірлемелер туралы, сондай-ақ жұмыстарды жақсартуға және процестердің тиімділігін жақсартуға көмек беретін жаңа өнімдер туралы көптеген жаңа және пайдалы ақпараттарға ие болды. Семинар өте қызықты және ақпаратқа бай болды. Демонстрациялық стендтер мен презентациялардың арқасында тәжірибеде жаңа өнімдер мен шешімдермен танысуға мүмкіндік берілді.
«Феникс Контакт Казахстан» компаниясына семинарды ұйымдастырғаны үшін және ақпарат ұсынғаны үшін алғыс айтамыз.

«Электр-энергиясы мен жылу өндіру кезіндегі бу-газ қондырғыларын қолдану»

2023 жылдың үшінші тоқсанында шығарылған «Өнеркәсіптегі қауіпсіздік» кең бейінді тоқсан сайынғы жаппай ғылыми-өндірістік журналда КГНТ-ның өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бас маманы Константин Малыгиннің «Электр энергиясы мен жылу өндіру кезіндегі бу-газ қондырғыларын қолдану» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. Мақаланың толық нұсқасын электрондық журналдан келесі сілтеме арқылы табуға болады (сілтеме қосу)

Pro Security Conference

БЖТПА бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздік жүйелеріндегі заманауи технологиялар және оларды бизнестің нақты міндеттерін шешу үшін практикалық қолдану туралы pro Security Conference іс – шарасына қатысты. Конференцияның басты құндылығы-өзекті тақырыптар бойынша ауқымды баяндамалар және ақпаратты объективті түрде жеткізу. Спикерлер ретінде индустрияның танымал мамандары – әзірлеушілер, интеграторлар, сатушылар және тапсырыс берушілер сөз сөйледі.
Конференцияның негізгі мақсаты-ҚҚ нарығына қатысушылардың білімі мен құзыреттілігін арттыру, салада бар үздік тәжірибелерді қолдануда тәжірибе алмасу.
#ProSecurityConference #кгнт #kgnt #dreamteamkgnt

XV KAZENERGY Еуразиялық Форумы

КГНТ басшылығы 2006 жылдан бері KAZENERGY қауымдастығы өткізетін XV KAZENERGY Еуразиялық Форумына қатысты. Бұл – 300-ден аса компаниядан 2,5 мыңнан аса делегат және 50-ден аса елдің өкілдерін жинаған, Каспий мен Орталық Азия аймағындағы энергетикалық сектордың басты халықаралық оқиғасы.
Көптеген жылдар бойы Форумда ықпалды саяси қайраткерлер мен танымал сарапшылар бас қосып келеді. 2023 жылы іс-шара дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің, соның ішінде Энергетика министрлігі, сондай-ақ басқа да мемлекеттік мүдделі органдардың қолдауымен өткізілді.
#KAZENERGY#энергетика#кгнт#kgnt#евразийскийфорум#форум#астана

KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының VI форумы

КГНТ-ның бас директоры Бекишева Александра, 3 қазанда Астана қаласында «KAZENERGY» XV Еуразиялық форумының шеңберінде өткен KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының VI форумына (ӘЭК) қатысты. Әртүрлі дәрежедегі қатысушылар, спикерлер мен басшылар өзекті тақырыптарды талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. ӘЭК VI Форумының негізгі тақырыбы “EmpowerHER Energy” ұранымен әйелдердің мүмкіндіктерін арттыру болды.

2013 жылдан бері «KAZENERGY» әйелдер энергетикалық клубы Қазақстанның мұнай-газ және энергетика секторындағы гендерлік саясатты жүзеге асыру мәселелерімен айналысады. Бұл – әртүрлі сектордағы және компаниядағы әйелдерді топтастыруға арналған мамандандырылған алаң болып табылады. КГНТ гендерлік теңдік саясатын қолдайды және бүгінгі күні компания қызметкерлерінің 40,5%-ын әйелдер құрайды. Осы жылы КГНТ форумның маңыздылығы мен мақсатын қолдай отырып, демеуші ретінде қатысты.
#kazenergy#kgnt#кгнт#энергетика#форум

13-ші Қазақстандық Заң Форумы 2023

28-29 қыркүйекте Алматы қаласында 13-ші Қазақстандық Заң Форумы 2023 (KLF2023) өтті, онда КГНТ-ның құрылыс бөлімінің басшысы Махамбетов Болат спикер ретінде «Құрылыс келісімшартының бағасын реттеу кезіндегі жоба басқарушысының рөлі» маңызды тақырыбы бойынша сөз сөйледі. 20 жыл бұрын компанияда құзіреттілік орталығы – жобаларды басқару офисі құрылған, ол сертификатталған жоба басқарушыларын қамтиды. Құрылыс келісімшартының бағасын реттеудегі жоба басқарушысының рөлі – бюджет шеңберінде жобаны сәтті қамту үшін бағалау, әрекет ету, әзірлеу, ықпалды бағалау, келіссөздер жүргізу және бюджетті басқару болып табылады. Бұл жиын 80 спикер мен 400-ден аса қатысушыларды жинады.

“Алматы марафон 2023”

Жексенбі күні біздің “Экиден КГНТ” командасы негізгі арақашықтығы 42,2 км болатын Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы “Алматы марафон 2023” қатысты. Біздің қызметкерлер 10 км-ға жалғыз жүгіру және скандинавиялық жүріске қатыса отырып, игі дәстүрді ұстанды. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Әрқайсыңызды мақтан тұтамыз! Салауатты өмір салтын ұстануға деген үлестеріңізге баға жетпейді.

5С жеңімпаздары

Тамыз айының қорытындысы бойынша әр ай сайынғы байқауымыздың жеңімпаздарын жариялауға дайынбыз:

🎉 «5С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны» номинациясында Сабина Касабаева және

🎉 «5С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс кеңсітігі» номинациясында персоналды іріктеу, бейімдеу және оқыту бөлімі

👏🏻 Жеңімпаздарды құттықтаймыз және 5С бағдарламасын қолдаған қызметкерлерге алғыс білдіреміз!
#кгнт#kgnt#5с#кайдзен#конкурс

Орталық Азия мен Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу” 10-шы мерейтойлық конференциясы

14 қыркүйек күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми қолдауымен Globuc британдық компаниясы ұйымдастырған “Орталық Азия мен Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу” 10-шы мерейтойлық конференциясы өз жұмысын аяқтады. Біз, КГНТ, осы маңызды оқиғаның медиа серіктестері ретінде мақтана қатыстық.
КГНТ-ның Инновациялар мен маркетинг жөніндегі басқарушы директор Тарасов Геннадий Александрович «Дыбыстан жоғары газды бөлу» жаңа инновациялық тақырыбын ұсына отырып, спикер рөлінде сөз сөйледі. Конференция қатысушыларының рейтингінде Геннадий Александрович 3-ші орынды иеленді. Конференция жұмысына әлемнің 27 елінен 300-ден астам қатысушы қатысты.
Біздің инновациялық қадамдарымызды бақылаудан жалықпаңыздар!