ЖАҢАЛЫҚТАР
Сейсможаттығу
2024 жылғы 26 шілде күні КГНТ Алматы офисінің ғимаратында сейсможаттығу өтті және біз жауапты қарым-қатынасы мен үйлесімді әрекеттері үшін қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз.
Жаттығу барысында барлық қажетті рәсімдер сәтті өтті:
– Уақтылы эвакуациялау
– Нұсқауларды нақты сақтау
– Жауапты тұлғалардың әрекеттерін үйлестіру
Барлықтарыңызға қатысуларыңыз және өз қауіпсіздіктеріңіз бен әріптестердің қауіпсіздігіне деген мұқият қарым-қатынастарыңыз үшін рақмет. Мұндай іс-шаралар кез келген төтенше жағдайларға дайын болуға ықпалын тигізеді және әрбір жұмыскер үшін қауіпсіз жұмыс кеңістігін қамтамасыз етеді.
Өзіміздің қауіпсіздік жүйемізді жақсарту және даярлықтың жоғары деңгейін сақтап тұру бойынша жұмысты жалғастырамыз. КГНТ қызметкерлерінің қауіпсіздігі – біздің басым міндетіміз!
Siemens «Cerberus PRO» семинары
🔥🛡️ Siemens компаниясының семинарында қызметкерлеріміз өрт қауіпсіздігі әлеміне саяхаттап, «Cerberus PRO» инновациялық жүйесімен танысып қайтты. Кеңесші осы жүйеде негізгі рөлді атқаратын шкаф туралы егжей-тегжейлі айтып берді және сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын Siemens компаниясының басқа шешімдерін ұсынды. Бұл бізді шабыттандырып қоймай, сонымен қатар неғұрлым қауіпсіз болашақты қалыптастыруға көмектесетін білім!
💡🔧🚒 #Siemens #CerberusPRO #өртқауіпсіздігі #оқыту #технология #қауіпсіздік #компания #кәсібидаму #kgnt50 #dreamteamkgnt
Белсенді демалыс
Горельник — табиғаттың сұлулығынан және таза таулы ауадан ләззат алуға болатын керемет жер. Өткен демалыс күндері КГНТ-ның қызметкерлері уақытты белсенді өткізуді шешіп, Алматы қаласының көркем тауларына барып қайтты.
Іс-шараны ұйымдастыру бастамасын спорттық бағытты басқаратын Исабаев Акежанның басшылығымен Жас мамандар кеңесі өзіне алды. Мұндай сапарлар компаниямызда жақсы дәстүрге айналып келе жатыр. Олар жұмыс қарбаласынан демалып, табиғаттың энергиясын бойға сіңіруге және достармен әрі әріптестермен тамаша уақыт өткізуге ықпалын тигізеді.
Әріптестерімізді келесі сапарларға бізге қосылуға және жарқын әсерлерімен бөлісуге шақырамыз. Бірге біз ұмытылмас сәттерді қалыптастырамыз және достық байланыстарды нығайтамыз. Келесі саяхатта кездесеміз! #КГНТ #таулар #сапар #тазаауа #белсендідемалыс
Progress card жеңімпазы
Найля Абдуллинаны 2024 жылғы мамыр айында біріктірілген менеджмент жүйесін жақсарту бойынша үздік ұсынысы үшін лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Оның ұсынысы жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпалын тигізіп қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлердің денсаулығы мен қоршаған ортаға оң әсерін тигізеді. Бүгінгі жетістігіңіз жаңа идеялар мен болашақ табыстарға шабыттандырсын! 🌱💼🌟
AutoDesk 2025 өнімдері портфелі
Бағдарламалық жасақтама саласындағы көшбасшы – Autodesk-тен озық шешімдер мен сәулетке арналған Noventiq Kazakhstan компаниясының семинарында өткен танымдық күн. Біздің қызметкерлеріміз Константин мен Диана жобаларды жаңа деңгейде жетілдіруге көмегін тигізетін инновациялық технологиялар әлеміне саяхаттап қайтты. 🏗️💻 #NoventiqKazakhstan #Autodesk #инновациялар #kgnt #kgnt50 #dreamteamkgnt
5с жеңімпаздары
Елена Воробьеваны маусым айындағы “5C жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны” номинациясындағы лайықты жеңісімен құттықтаймыз! 🎉✨
5C жүйесі еңбек тиімділігін арттыруға, жұмыс кеңістігінің ұйымдастырылуын жақсартуға, қателердің туындау тәуекелін төмендетуге және қызметкерлер үшін қауіпсіздікті арттыруға ықпалын тигізеді. Тұрақты үйлестірудің, жинап-тазалаудың, тәртіп пен тазалықты сақтаудың, стандарттарға сәйкес болудың және қағидаларды үнемі сақтаудың арқасында жұмыс орны барлық адамдар үшін неғұрлым өнімді, қауіпсіз әрі қолайлы бола бастайды.
Еленаны осындай маңызды нәтижеге жетуімен құттықтаймыз және оның үлгісі басқа әріптестеріміз үшін өздерінің жұмыс орындарында 5С жүйесін ендіру үшін ынта болады деген сенімдеміз! 💪🌟 #Құттықтаулар #5Cжүйесі #Тиімділік #Қауіпсіздік #Өнімділік
Microsoft Power BI
🔍 КГНТ қызметкерлері деректерді талдаудағы біздің мүмкіндіктерімізді кеңейте отырып, Power BI бойынша оқуды сәтті аяқтады. Біз қызметкерлерімізді және олардың кәсіби дамуға деген ұмтылыстарын мақтан тұтамыз! 📈✨
Сенбілік
22 маусымда КГНТ қызметкерлері компанияның аумағында және жұмыс орындарында өткен эко-сенбілікке белсенді қатысты. Бұл сенбілік тұрақты даму және қоршаған ортаға жауапты қарау бойынша стратегиямызды іске асыруда мағызды қадам болды.
Осы күннің ішінде қызметкерлеріміз аумақты жинап, жұмыс орындарының абаттылығын жақсартты. Қалдықтарды сұрыптау мен кәдеге жаратуға айрықша көңіл бөлінді, өйткені бұл біздің экология саласындағы бастамаларымыздың ажырамас бөлігі болып табылады.
Эко- сенбілік қызметіміздің экологиялық және әлеуметтік аспектілерін жақсартуға бағытталған біздің ортақ ESG бағдарламамыздың бір бөлігі болып табылады. Біз қызметкерлеріміз үшін қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, сонымен қатар қоршаған ортаға тиетін жағымсыз әсерді барынша азайтуға ұмтыламыз.
Біз барлық қызметкерлерімізге белсенді қатысқаны және жалпы ісімізге қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз. Жұмыла салған күшіміздің арқасында біз қоршаған әлемді неғұрлым жақсы және таза етудеміз!
5с жеңімпаздары
2024 жылғы наурыз және сәуір айларындағы 5С жүйесі бойынша ай сайынғы конкурсымыздың жеңімпаздарын құттықтаймыз! Ольга Гераськина «Үздік жұмыс орны» санатында жеңімпаз атанды, ал ғимаратқа қызмет көрсету секторының техникалық персоналы наурыз айындағы «Үздік жұмыс кеңістігі» номинациясында бірінші орынды иеленді.
Ерболат Муздыбаев сәуір айындағы «Үздік жұмыс орны» санатында жеңімпаз атанды. Барлық қызметкерлерімізге 5С жүйесіне көрсетіп келе жатқан қолдаулары үшін алғысымызды айтамыз! #Жеңімпаздар #5С #Конкурс #ТұрақтыЖақсарту #Тиімділік#кгнт #kgnt50 #мүмкіндіктер #dreamteamkgn
Progress card жеңімпазы
Әріптестеріміз – Ирина Ежелева мен Дильназ Тохтахунованы 2024 жылғы наурыз және сәуір айларында біріктірілген менеджмент жүйесін жақсарту бойынша үздік ұсынысы үшін лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Сіздердің адалдықтарыңыз бен кәсіпқойлықтарыңыз командамызды неғұрлым мықты етуде.
Прогресс-карталарды қолдану бізге тиімдірек дамуға және жұмыс процестерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі лайықты жеңістеріңіз болашақ жетістіктерге түрткі болсын және компаниямыздың барлық қызметкерлерін, жаңа, инновациялық идеяларға шабыттандырсын! #ҮнеміЖақсарту #Тиімділік #кгнт #kgnt50 #progresscard #dreamteamkgnt
Сейсможаттығу
2024 жылғы 7 маусым күні КГНТ-ның Алматы қаласындағы офисінде жоспардан тыс сейсможаттығу сәтті өтті. Іс-шараның маңыздылығын ұғына отырып, қызметкерлеріміз бен келушілер нұсқаулықтарды қолдана отырып, ғимараттан шығып, эвакуациялау жоспарына сәйкес қауіпсіз орынға шығарылды.
Эвакуациялық жаттығу – қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесіндегі маңызды, жауапты және күрделі іс-шаралардың бірі болып табылады. Эвакуациялау бойынша оқу жаттығуларын жиі өткізіп тұру жер сілкінісі, өрт кезіндегі мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді және төтенше жағдайлар туындаған кезде ғимараттан жылдам әрі қауіпсіз шығуға даярлықты қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз! #kgnt50 #сейсможаттығу #dreamteamkgnt
Техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына аккредиттеуді ұзарту
30.05.2024 ж. «КГНТ аккредиттеуді ұзартып, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 «Бірінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес уәкілетті орган — Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінен «Бірінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерді техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына аккредиттеу туралы куәлікті» алды.
Аккредиттеу 2026 жылғы 30 мамырға дейін 2 жылға ұзартылды»