ЖАҢАЛЫҚТАР
Progress card жеңімпазы
Юлия Малышкинаны және Инна Бедареваны біріктірілген басқару жүйесін жетілдіру бойынша үздік ұсыныстары үшін лайықты жеңісімен құттықтаймыз!
Жұмысты расында жақсартатын және командалық рухты көтеретін тамаша идеяларыңыз үшін, компаниядағы өмірімізді жақсартуға деген бастамаңыз бен шығармашылығыңыз үшін рахмет. Біздің компанияны барлық қызметкерлер үшін одан да табысты және қызықты етейік!#progresscard #kgnt50 #dreamteamkgnt #ISM
Құрылыстағы инновацияларды іске асыру үшін арналған Siemens шешімдері
КГНТ үшөлшемді технологиялар жөніндегі бас маманы Рахиева Данара Siemens PLM Software ресми серіктесі, PLM BLC softsale бағдарламалық жасақтамасының жетекші жеткізушісі – құрылыс және жобалау саласындағы басшылар мен жетекші мамандарға арналған BIM технологияларындағы сарапшы Cursor SRSS компаниясы өткізген бизнес таңғы асқа барып қайтты.
Компаниялар Siemens PLM Software компаниясы ұсынатын жобалау үшін арналған әртүрлі құралдар мен шешімдерді, сонымен қатар олардың қолданбалы міндеттерін таныстырды. Сұйықтықтардың ағындарын, жылуберілімді, жануды және оларға қатысты құбылыстарды модельдеуге, талдауға және оңтайландыруға айрықша көңіл бөлінді.
Оқыс оқиғасыз 13 млн адам-сағат
Бүгін біз маңызды оқиғаны атап өтіп жатырмыз – КГНТ компаниясы ешбір оқыс оқиғасыз 13 миллион адам-сағатқа қол жеткізді! Бұл қауіпсіздіктің жоғары деңгейі және ұжымның кәсіпқойлығы туралы айтатын керемет жетістік.
Қауіпсіздік әрдайым бірінші орында болуы тиіс, әсіресе жұмыс қауіп-қатерге байланысты болатын индустрияда. Барлық қауіпсіздік қағидалары мен шараларын сақтау – жай ғана рәсімділік емес, шын мәнінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалу. КГНТ компаниясы қағидалар мен рәсімдемелерді қатаң сақтау қауіпсіз және өнімді жұмыс ортасын қамтамасыз ете алуын көрсете алатын керемет үлгі болып табылады.
Бұл жетістік қауіпсіздіктің қызметкерлерді қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар бизнестің сәтті жұмыс істеуі үшін қажет екендігін куәландырады. Әрбір адамның оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін жұмысқа құқығы бар және жоғары қауіпсіздік стандарттарын көрсете білетін компаниялар біздің құрметіміз бен қолдауымызға тұрарлық.
Осы жеңіс барлығымыз үшін жұмыс орнындағы қауіпсіздікке, жауапкершілікке және өзара түсіністікке ұмтылуға ынта болсын.
Экология. Өзекті мәселелер
🌿✨ Экологтарға арналған өткен біліктілікті жоғарылату курсында КГНТ қызметкері Елена Жунисбекова ҚОӘБ, ӨЭБ және кешенді экологиялық рұқсаттар саласындағы үздік сарапшылармен кездесті. Оқуда өткен 4 күн бойы қатысушылар өз білімін толықтырып қана қоймай, сонымен қатар заманауи экологиялық проблемаларға қатысты сұрақтарға жауап алды. Әсіресе ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ЭРБК Төрағасымен КЭР егжей-тегжейлерін талқылау мүмкіндігі неғұрлым құнды болды, бұл ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар одан әрі кәсіптік жетістіктерге шабыттандыра түсті. Оқу процесі мазмұнды, ақпаратқа толы және жігерлендіруші өтті, Елена үшін оның экологиялық үйлесімдікке және планетамызды тұрақты дамытуға ұмтылысында жаңа мүмкіншіліктерді ашты #kgnt50 #dreamteamkgnt #экология #табиғаттықорғау
Сейсможаттығу
2024 жылғы 26 шілде күні КГНТ Алматы офисінің ғимаратында сейсможаттығу өтті және біз жауапты қарым-қатынасы мен үйлесімді әрекеттері үшін қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз.
Жаттығу барысында барлық қажетті рәсімдер сәтті өтті:
– Уақтылы эвакуациялау
– Нұсқауларды нақты сақтау
– Жауапты тұлғалардың әрекеттерін үйлестіру
Барлықтарыңызға қатысуларыңыз және өз қауіпсіздіктеріңіз бен әріптестердің қауіпсіздігіне деген мұқият қарым-қатынастарыңыз үшін рақмет. Мұндай іс-шаралар кез келген төтенше жағдайларға дайын болуға ықпалын тигізеді және әрбір жұмыскер үшін қауіпсіз жұмыс кеңістігін қамтамасыз етеді.
Өзіміздің қауіпсіздік жүйемізді жақсарту және даярлықтың жоғары деңгейін сақтап тұру бойынша жұмысты жалғастырамыз. КГНТ қызметкерлерінің қауіпсіздігі – біздің басым міндетіміз!
Siemens «Cerberus PRO» семинары
🔥🛡️ Siemens компаниясының семинарында қызметкерлеріміз өрт қауіпсіздігі әлеміне саяхаттап, «Cerberus PRO» инновациялық жүйесімен танысып қайтты. Кеңесші осы жүйеде негізгі рөлді атқаратын шкаф туралы егжей-тегжейлі айтып берді және сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын Siemens компаниясының басқа шешімдерін ұсынды. Бұл бізді шабыттандырып қоймай, сонымен қатар неғұрлым қауіпсіз болашақты қалыптастыруға көмектесетін білім!
💡🔧🚒 #Siemens #CerberusPRO #өртқауіпсіздігі #оқыту #технология #қауіпсіздік #компания #кәсібидаму #kgnt50 #dreamteamkgnt
Белсенді демалыс
Горельник — табиғаттың сұлулығынан және таза таулы ауадан ләззат алуға болатын керемет жер. Өткен демалыс күндері КГНТ-ның қызметкерлері уақытты белсенді өткізуді шешіп, Алматы қаласының көркем тауларына барып қайтты.
Іс-шараны ұйымдастыру бастамасын спорттық бағытты басқаратын Исабаев Акежанның басшылығымен Жас мамандар кеңесі өзіне алды. Мұндай сапарлар компаниямызда жақсы дәстүрге айналып келе жатыр. Олар жұмыс қарбаласынан демалып, табиғаттың энергиясын бойға сіңіруге және достармен әрі әріптестермен тамаша уақыт өткізуге ықпалын тигізеді.
Әріптестерімізді келесі сапарларға бізге қосылуға және жарқын әсерлерімен бөлісуге шақырамыз. Бірге біз ұмытылмас сәттерді қалыптастырамыз және достық байланыстарды нығайтамыз. Келесі саяхатта кездесеміз! #КГНТ #таулар #сапар #тазаауа #белсендідемалыс
Progress card жеңімпазы
Найля Абдуллинаны 2024 жылғы мамыр айында біріктірілген менеджмент жүйесін жақсарту бойынша үздік ұсынысы үшін лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Оның ұсынысы жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпалын тигізіп қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлердің денсаулығы мен қоршаған ортаға оң әсерін тигізеді. Бүгінгі жетістігіңіз жаңа идеялар мен болашақ табыстарға шабыттандырсын! 🌱💼🌟
AutoDesk 2025 өнімдері портфелі
Бағдарламалық жасақтама саласындағы көшбасшы – Autodesk-тен озық шешімдер мен сәулетке арналған Noventiq Kazakhstan компаниясының семинарында өткен танымдық күн. Біздің қызметкерлеріміз Константин мен Диана жобаларды жаңа деңгейде жетілдіруге көмегін тигізетін инновациялық технологиялар әлеміне саяхаттап қайтты. 🏗️💻 #NoventiqKazakhstan #Autodesk #инновациялар #kgnt #kgnt50 #dreamteamkgnt
5с жеңімпаздары
Елена Воробьеваны маусым айындағы “5C жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны” номинациясындағы лайықты жеңісімен құттықтаймыз! 🎉✨
5C жүйесі еңбек тиімділігін арттыруға, жұмыс кеңістігінің ұйымдастырылуын жақсартуға, қателердің туындау тәуекелін төмендетуге және қызметкерлер үшін қауіпсіздікті арттыруға ықпалын тигізеді. Тұрақты үйлестірудің, жинап-тазалаудың, тәртіп пен тазалықты сақтаудың, стандарттарға сәйкес болудың және қағидаларды үнемі сақтаудың арқасында жұмыс орны барлық адамдар үшін неғұрлым өнімді, қауіпсіз әрі қолайлы бола бастайды.
Еленаны осындай маңызды нәтижеге жетуімен құттықтаймыз және оның үлгісі басқа әріптестеріміз үшін өздерінің жұмыс орындарында 5С жүйесін ендіру үшін ынта болады деген сенімдеміз! 💪🌟 #Құттықтаулар #5Cжүйесі #Тиімділік #Қауіпсіздік #Өнімділік
Microsoft Power BI
🔍 КГНТ қызметкерлері деректерді талдаудағы біздің мүмкіндіктерімізді кеңейте отырып, Power BI бойынша оқуды сәтті аяқтады. Біз қызметкерлерімізді және олардың кәсіби дамуға деген ұмтылыстарын мақтан тұтамыз! 📈✨
Сенбілік
22 маусымда КГНТ қызметкерлері компанияның аумағында және жұмыс орындарында өткен эко-сенбілікке белсенді қатысты. Бұл сенбілік тұрақты даму және қоршаған ортаға жауапты қарау бойынша стратегиямызды іске асыруда мағызды қадам болды.
Осы күннің ішінде қызметкерлеріміз аумақты жинап, жұмыс орындарының абаттылығын жақсартты. Қалдықтарды сұрыптау мен кәдеге жаратуға айрықша көңіл бөлінді, өйткені бұл біздің экология саласындағы бастамаларымыздың ажырамас бөлігі болып табылады.
Эко- сенбілік қызметіміздің экологиялық және әлеуметтік аспектілерін жақсартуға бағытталған біздің ортақ ESG бағдарламамыздың бір бөлігі болып табылады. Біз қызметкерлеріміз үшін қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, сонымен қатар қоршаған ортаға тиетін жағымсыз әсерді барынша азайтуға ұмтыламыз.
Біз барлық қызметкерлерімізге белсенді қатысқаны және жалпы ісімізге қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз. Жұмыла салған күшіміздің арқасында біз қоршаған әлемді неғұрлым жақсы және таза етудеміз!