ЖАҢАЛЫҚТАР
КГНТ диалог жүргізуде: КПО және KazService компанияларымен іскерлік таңғы астың қорытындылары
КГНТ диалог жүргізуде: КПО және KazService компанияларымен іскерлік таңғы астың қорытындылары
Ағымдағы жылдың 16 ақпанында «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС Қазақстанның мұнай-сервистік компаниялар одағы (KazService) мен Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КПО) ұйымдастырған негізгі салалық оқиға – іскерлік таңғы асқа қатысып қайтты.
Кездесу саланың ең өзекті тақырыбы: жергілікті қамтуды дамыту және отандық өндірушілер үшін тосқауылдарды жою мәселелерін талқылау мақсатында нарықтың 30-дан астам жетекші ойыншыларын біріктірді.
Назарда — айқындық және ұзақ мерзімді серіктестік
Диалог барынша тиімді өтті. Қатысушылар, соның ішінде КГНТ сарапшылары, КПО жобаларына қол жеткізу механизмдері мен тендерлік рәсімдерді оңтайландыру жолдарын талқылады. Төмендегі бастамаларға ерекше көңіл бөлінді:
1) Келісімшарттарды жергіліктендіру: Орта және шағын бизнесті тарту үшін ірі лоттардан неғұрлым икемді сатып алуларға өту.
2) Ұзақ мерзімді жоспарлау: Келісімшарттарды ұзақ мерзімге ендіру, бұл қазақстандық компанияларға жаңғырту мен қуаттарды кеңейтуге сенімді түрде қаржы салуға мүмкіндік береді.
3) Тосқауылдарды алу: Көбінесе жергілікті жеткізушілердің қатысуын шектейтін көптеген техникалық талаптарды қайта қарау.
КГНТ-ның кәсіби қоғамдастықтың дамуына қосқан үлесі
Компаниямыз инженерлік ой мен сараптама негізгі рөл атқаратын саланы дамытуға бағытталған жүйелік тәсілдемені әрқашан қолдап келген. Осы құндылықтарға бейілділік белгісі ретінде және кәсіби байланыстарды нығайту мақсатында КГНТ КПО мен KazService компанияларына КГНТ-ның 50-жылдығына арналған құнды кітаптарды сыйға берді.
«Мұндай кездесулер — бұл нетворкинг үшін арналған жай ғана алаң емес, сонымен қатар кері байланыстың нағыз сайманы. КГНТ үшін мұнай сервисіндегі әрбір келісімшарттың қазақстандық құзыреттерге инвестиция болуы және жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беруі маңызды», — деп делегациямыздың өкілдері атап өтті.
Тәжірибе алмасу және серіктестікті дамыту
4 ақпан күні Атырау қаласында КГНТ өкілі — Гульнур Жумабай —Petrocouncil компаниясы Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) топ-менеджментінің қолдауымен ұйымдастырған petrocouncil салалық іс-шарасына қатысып қайтты. Кездесу операторлар мен мұнай-газ саласындағы мердігерлер арасындағы кәсіби диалог үшін маңызды алаңға айналды.
Іс-шараның және кейінгі кездесулердің аясында КГНТ сонымен қатар компанияның 50 жылдығына арналған және өзінің тарихы, негізгі даму кезеңдері және оның Қазақстанның алғашқы әрі жетекші жобалау және инжинирингтік институттарының бірі ретіндегі рөлі туралы баяндайтын кітапты ұсынды.
КГНТ-ның мерейтойлық кітаптары төмендегі тұлғаларға табысталды:
• Джанкарло Рую, НКОК Басқарушы директоры;
• Рзабек Артыгалиев, Мұнай-газ Кеңесі Төралқасының төрағасы;
• Стивен Коннер, ТШО Өндіріс жөніндегі бас менеджері;
• Куанышкерей Мухтаров, ТШО Бас директорының орынбасары.
Мұндай кездесулер — серіктестерге құрмет көрсетіп қана қоймай, КГНТ-ның жүріп өткен жолы, біздің сараптамамыз және ұлттық инжинирингті дамытуға қосқан үлесіміз туралы айтып беру үшін керемет мүмкіндік. КГНТ саланың негізгі қатысушыларымен кәсіби байланыс пен ашық диалогты нығайта түсуде.
Women in BIM Kazakhstan: Қоғамдастыққа бір қадам
Women in BIM Kazakhstan: Қоғамдастыққа бір қадам🏗️✨
Алматыда Қазақстандағы Women in BIM (WIB) халықаралық қоғамдастығының бірінші кездесуі өтті. Орталық Азиядағы жаңа кәсіби нетворкингтің іргетасын қалау үшін цифрлық құрылыс көшбасшылары, Autodesk, ҚазҚСҒЗИ, Казгор және КГНТ өкілдері бір алаңда жиналды.
КГНТ осы қозғалыстың белсенді қатысушысы болды. «Бизнес-жетістіктің тарихы» сессиясы бағдарламаның негізгі сәттерінің бірі болды, оның барысында Бас директорымыз — Александра Бекишева сөз сөйледі.
Бұл КГНТ үшін неліктен маңызды?
Біз үшін қатысу – бұл күнтізбедегі жай кезең ғана емес, үлкен дамыту стратегиясының бір бөлігі:
• Тәжірибемен бөлісу: Александра КГНТ-ның қалыптасуы бойынша нақты кейспен бөлісті. Жас маман мен бейінді жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін бұл жергілікті сын-қатерлерден бастап халықаралық деңгейде танылуға дейін «жүріп өткен жолды бірінші тараптан» есту үшін сирек мүмкіндік болды.
• HR-брендті нығайту: Біз ашықтық және көшбасшылық құндылықтарын насихаттап жүрміз. Осындай кездесулер командамызға цифрландыруға әуес болатын үздік дарындарды тартуға көмектеседі.
КГНТ бүгінде — тек жобалау ғана емес, сонымен қатар өңірде BIM күн тәртібін қалыптастыратын құзыреттер орталығы.
Қатысушылар BIM-құзыреттер картасын, командаларды басқару мәселелері мен мансаптық траекторияларды талқылады. Кеш бизнес тәжірибесі мен жас дарындардың энергиясы бейресми жағдайда кездескен белсенді нетворкингпен аяқталды.
Инновацияларды дәстүрге айналдыру үшін тәжірибемізбен бөлісеміз. Қазақстанда осындай күшті қоғамдастықтың қалыптасу бастауында болғанымызға қуаныштымыз! 🇰🇿💻
#KGNT #WomenInBIM #BIMKazakhstan
КГНТ: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен серіктестікте отандық Инжинирингті дамытудың жаңа кезеңі
КГНТ: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен серіктестікте отандық Инжинирингті дамытудың жаңа кезеңі
Астанада “ҚазМұнайГаз” ҰК ” АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтың еліміздің жетекші жобалау ұйымдарының басшыларымен кездесуі өтті. КГНТ компаниясы қазақстандық инжинирингтің флагмандарының бірі ретінде саланың болашағын талқылауға белсенді қатысты.
Кездесудің негізгі лейтмотиві шетелдік сызбаларды қарапайым бейімдеуден жобалаудың негізгі кезеңдеріне отандық мамандардың толыққанды қатысуына көшу болды.
КГНТ үшін бұл даму векторы компанияның ішкі стратегиясымен сәйкес келеді. Бізде жобаларды сүйемелдеу үшін ғана емес, FEED (негізгі жобалау) және Detailed Engineering (жұмыс дизайны) кезеңдерінде олардың негізгі әзірлеушілері ретінде әрекет ету үшін қажетті тәжірибе мен техникалық база бар.
Неліктен бұл нарық пен КГНТ үшін маңызды?
ҚМГ бастамасымен қазақстандық компаниялардың рөлін күшейту біздің алдымызда жаңа көкжиектер ашады:
1) құзыреттерді арттыру: Күрделі технологиялық жобаларға тікелей қатысу біздің инженерлерге әлемдік стандарттар деңгейінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
2) ұзақ мерзімді жоспарлау: ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелерін талқылау персоналды оқытуға және заманауи бағдарламалық жасақтамаға инвестиция салуға мүмкіндік береді.
3) Ел үшін тиімділік: өңірдің жергілікті нормаларын, стандарттары мен ерекшеліктерін терең білуді пайдалану ҚМГ жобаларын неғұрлым тиімді іске асыруға кепілдік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша мұнай-газ объектілерінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде қазақстандық инженерлердің қатысуын кеңейту туралы мәселелер талқыланды/көтерілді. КГНТ жобалық шешімдердің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып және Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға үлес қоса отырып, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның сенімді серіктесі болуға өзінің дайындығын растайды.
КГНТ жергілікті қамту жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысына қатысты
2026 жылғы 15 қаңтар күні Астана қаласында KazEnergy Қауымдастығының алаңында мұнай-газ химиясы жобаларындағы жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті, оған КГНТ инжиниринг компаниясы отандық инжинирингтің өкілі ретінде белсенді қатысып қайтты.
Отырыстың шеңберінде КГНТ қазақстандық инжинирингтік компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды ірі мұнай-газ химиясы жобаларының іске асырылуына, соның ішінде инжиниринг, жабдықтарды жеткізу және құрылысты сүйемелдеу кезеңдеріне жүйелі тарту маңыздылығын атап өтті. Жергілікті қамтудың үлесін арттыру мен ел ішінде жеткізудің тұрақты тізбегін қалыптастыру бойынша тәжірибелік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Атырау облысында полиэтилен өндіру бойынша зауытты және газ сепарациялық кешенді салу жобалары талқылаудың негізгі тақырыптары болды. Қатысушылардың пікірінше қазақстандық компаниялардың осы жобаларға қатысуын, соның ішінде инжинирингтік қызметтер мен аса маңызды жабдықтарды оқшаулау бөлігінде қатысуын кеңейту үшін зор әлеует бар.
Отырысқа бейінді мемлекеттік органдардың, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтар мен талдау орталықтарының өкілдері, сонымен қатар Tecnicas Reunidas және Tecnimont сияқты халықаралық EPC-мердігерлер қатысты. Шетелдік бас мердігерлермен жүргізілген диалог қазақстандық компанияларды халықаралық EPC-тізбектеріне интеграциялау мүмкіншілігін егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік берді.
Кездесудің қорытындылары бойынша ұсыныстар, соның ішінде мұнай-газ химиясы саласы үшін негізгі тауарлар мен қызметтердің өндірілуін оқшаулауға бағытталған КГНТ ұсынған бастамалар қарастырылды, сондай-ақ ауқымды инвестициялық жобалардағы жергілікті қамтудың үлесін арттыруға кедергі келтіретін негізгі тосқауылдар мен шектеулер белгіленді.
«КГНТ» ИК» ЖШС Мұнай-газ химиясындағы жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жұмыс тобына кірді
«КГНТ» ИК» ЖШС Мұнай-газ химиясындағы жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жұмыс тобына кірді
Қазақстанның ірі мұнай-газ химиясы жобаларындағы жергілікті қамтуды арттыру маңыздылығы мемлекет пен бизнес үшін басымдық болып келеді. Тиімді диалог жүргізу үшін мемлекеттік органдардың басшыларынан, квазимемлекеттік сектор мен саладағы жетекші компаниялардың өкілдерінен тұратын Жұмыс тобы құрылды.
Жарты жылдық талқылаудан кейін ҚР Энергетика министрлігінің шешімі бойынша 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап компаниямыз ресми түрде Жұмыс тобының мүшесі болып табылады.
Жылына екі рет вице-министрдің төрағалығымен еліміздің мұнай сервистік жобаларына отандық қатысуды дамыту бойынша негізгі шешімдер қабылданатын отырыстар өткізіледі.
КГНТ үшін бұл мемлекетпен ынтымақтастық құрудың жаңа кезеңі және жергілікті қамту деңгейін арттыруға және қазақстандық мұнай-газ химиясын дамытуға белсенді түрде ықпал ету мүмкіндігі.
КГНТ ҚазБСҚА-дағы Career EXPO 2025 жәрмеңкесінде — болашақ инженерлер дүниеге келетін жер
ҚазБСҚА-дағы Career EXPO 2025
✨ КГНТ ҚазБСҚА-дағы Career EXPO 2025 жәрмеңкесінде — болашақ инженерлер дүниеге келетін жер ✨
26 қараша күні КГНТ компаниясы ҚазБСҚА-ның 45 жылдығына, талапкер, шабытты және дарынды студенттер мен түлектерді біріктірген оқиғаға орай өткізілген Career EXPO 2025: «Технологиялар. Тәжірибе. Мүмкіндіктер» жәрмеңкесіне қатысып қайтты.
«Технологиялық шоурумдардың» жаңа интерактивті форматында қатысушылар кәсіп туралы естіп қана қоймай, сонымен қатар оны тәжірибеде сезіне алды: инженерлік шешімдердің қалай туындайтынын көрді, мамандарға сұрақтарын қойды және өздерін үлкен әрі маңызды саланың бір бөлшегі ретінде көре алды.
📍 КГНТ стендінің алдында болашақ туралы сұхбаттар ерекше жарқын жүріп жатты. Біз ертеңгі күннің кәсіптері, ірі жобалар, нақты сын-қатерлер мен инжинирингтегі мансап мүмкіндіктері туралы сөз қозғадық. Студенттер сұрақ қойып, өз идеяларымен бөлісті және инженер кәсібі мен өздерінің кәсіптік дамуына деген шынайы қызығушылығын білдірді.
Біз дәл осындай кездесулердің үлкен мансаптық оқиғалар үшін кері санау нүктесі болатындығына сенеміз.
КГНТ студенттерге кәсіби тәжірибеден өтуді, сонымен қатар бізбен бірге дамуға, ірі жобаларға қатысуға және Қазақстанның инженерлік саласының болашағын қалыптастыруға дайын болатын үздік түлектерді жұмысқа орналастыруды ұсынады.
Болашақ бүгіннен басталады. Және біз оны бірге құрамыз. 🚀
«Орталық Азия – тұрақты дамуға апаратын жаңа Жібек жолы» халықаралық форумы
26 қараша күні Астанада халықаралық форум өтті
БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шарт желісі мен Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған «Орталық Азия – тұрақты дамуға апаратын жаңа Жібек жолы».
КГНТ қызметкерлері мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен өңірдегі сараптамалық қауымдастықтың өкілдерін біріктірген маңызды оқиғаның бір бөлігі болды.
Назарда – болашақ:
♻️ жасыл технологиялар мен көміртексіздендіру
💡 инновациялар, ЖИ және цифрландыру
🌏 ESG-тәсілі және жауапты көшбасшылық
👩💼 жастар мен әйелдердің рөлдерін кеңейту
🤝 ТДМ-2030 қол жеткізу мақсатындағы серіктестік
КГНТ-ның форумға қатысуы – компанияның тұрақты дамытудың жаһандық күн тәртібіне қызығушылығын растау және бұл Орталық Азияның жауапты әрі технологиялық болашағын қалыптастыру жолындағы тағы бір қадам болып табылады.
КГНТ – болашақты бүгінде жобалаймыз.
ҚБТУ-дағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Біз осы аптада ҚБТУ-да өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қуана қатысып қайттық. Бұл дарынды студенттермен танысу, олардың амбициялары туралы білу және компаниямызда жұмыс істеу перспективалары туралы айтып беру үшін керемет мүмкіндік болды.
Іс-шараның барысында біз нағыз қызығушылық пен белсенді бастама білдірген ізденушілер түйіндемелерінің базасын жинадық. Көптеген студенттер сұрақ қойып, өз идеяларымен бөлісті және КГНТ-да жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы көбірек білуге талпынды.
Бұдан бөлек, осы жәрмеңкеде біз тәжірибеден өту үшін бірнеше студентті шақырдық — бұл олардың кәсіби дамуы және командамызға үлес қосу үшін керемет бастама екендігіне сенімдіміз.
БМЖ БОЙЫНША ЕКІНШІ ҚАДАҒАЛАУ АУДИТІ
2006 жылдан бастап Bureau Veritas сертификаттаған Компанияның Біріктірілген менеджмент жүйесі ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 талаптарына сәйкес болуына екінші қадағалау аудитінен сәтті өтті.
💡 Жүйенің күшті жақтары атап өтілді:
— басшылық пен персоналдың тұрақты жақсарту қағидаттарына бейілділігі;
— қызметкерлердің Progress Card бағдарламасы, Жас мамандар кеңесі, Кайдзен-үйірмелері арқылы жоғары деңгейде қатысуы;
— визуалдық және интерактивтік нысандар арқылы корпоративтік мәдениет пен коммуникацияларды дамыту;
— талаптарды талдау, нормативтік құжаттаманы жоспарлау және өзектілендіру процестерінің нәтижелілігі.
Bureau Veritas аудиторлары жүйенің жетілгендігін, тәсілдеменің бірізділігін және команданың жоғары деңгейдегі кәсіпқойлығын айрықша атап өтті.
КГНТ-ның барлық қызметкерлеріне белсенділігі, жауапкершілігі мен кемелдікке ұмтылысы үшін алғыс айтамыз!
Кітапханаға сыйлық
Әріптестеріміз Суюнгалиев Рахат пен Малеева Ольга Ильиничнаға компаниямыздың кітапханасына сыйлаған бағалы кітаптар үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз
Суюнгалиев Рахат сыйлаған басылымдар: Молдабаева Г.Ж., Сулейменова Р.Т. «Тұтқырлығы жоғары кенорындарын игеру процесін зерттеу және жетілдіру»
Молдабаева Г.Ж., Мамалов Е.Н. «Мұнай қыртыстарына әсер ету бойынша аралас әдістері кезіндегі технологиялық модельдеу негіздері және процестердің сипаттамаларын зерттеу»
Мэг Джей «Маңызды жылдар»
Малеева Ольга Ильинична кітапхана қорын әлемдік әдебиеттің нағыз классикасы Ремарктың туындыларымен толықтырды.
Осы кітаптардың әрқайсысы — баға жетпейтін білім, тәжірибе мен шабыт көзі. Барлық қызметкерлерді кітапханаға, жаңадан келіп түскен әдебиеттермен танысуға, сүйікті кітаптарды оқып, олармен бөлісуге шақырамыз. Жұмыла отырып біз командамызды біріктіретін және дамытатын мәдени және зияткерлік орталықты қалыптастырып жатырмыз.
Қосылыңыздар, кітаптарыңызды әкеліңіздер және жаңалықтармен шабыттаныңыздар!
ESG конференциясы
КГНТ компаниясы тұрақты даму мәселелері бойынша Kursiv ESG Conference тәуелсіз конференциясына қатысып қайтты.
Бұл оқиға бизнес, сарапшылар мен мемлекеттік өкілдер арасында тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды.
Сессиялар тұрақты даму қағидаттарын ендіруге және корпоративтік ортада ESG-тәжірибелерін дамытуға арналды.
Компания ESG-есептілігін қалыптастыру, экологиялық жауапкершілік пен әлеуметтік бастамалар бойынша заманауи тәсілдемелер туралы құнды білім ала алды.
Ішкі процестерді жетілдіру, ашықтықты арттыру және тұрақты даму мәдениетін нығайту үшін алынған идеяларды біз өз жұмысымызда қолдануды жоспарлап отырмыз.
КГНТ — жауапкершілік пен инновацияларға сүйене отырып құрылатын баянды болашақ үшін.