ЖАҢАЛЫҚТАР

Almaty Marathon 2025: Команданың Мызғымас Рухы

Осы жылы біз Орталық Азиядағы орасан зор жүгіру оқиғасы – Almaty Marathon марафонының сиқырын сезіне алдық! Бұл жай ғана марафон емес; бұл бүкіл әлемнен жүгіруге деген өз махаббатымен бөлісуге және өз шектерін еңсере алуға дайын адамдарды жинайтын мереке! 🌍❤️
Біздің Экиден командамыз биылғы жылы компаниямыздың жалауымен қашықтықты жүгіріп өтіп қана қоймай, сонымен қатар өз уақытын жақсартып, тамаша нәтиже көрсетті. 💨💪 Осындай сәттер жаңа шыңдарға қайта-қайта ұмтылуға шабыттандырады және талпыныс сыйлайды.
Гүлденген көшелер, көрермендердің жарқын күлкілері мен айналадағы еліктіріп әкететін энергия — осының бәрі мерекенің қайталанбас атмосферасын қалыптастырады. Жүгіру – физикалық күшке апаратын жол ғана емес, сонымен қатар эмоцияларды көрсету тәсілі деседі. Және біз оны нақты сезіндік!
20 елден келген 10 000-нан астам қатысушылар, әртүрлі қашықтықтар —21,1 км-ден бастап 10 км скандинавиялық жүріске дейін, және әрқайсысы өз жеңісіне қарай жүгірді. ✨
Барлық әріптестерімізге құлшынысы мен ынтагерлігі үшін рақмет айтамыз! ❤️ Қол жеткізген жетістікте тоқтап қалмайық, жаңа көкжиектерге шығайық! Бірге біз бұдан да биік нәтижелерге жете аламыз!

Оқу-жаттығу сабағы

Өрт кезінде эвакуациялау бойынша оқу жаттығуы: Керемет жұмыс, команда!
Бүгін біз өрт кезінде эвакуациялау бойынша оқу жаттығуын өткіздік және қатысқан барлық қызметкерлерге алғысымды білдіргім келеді! 🚒🔥
Бұл жаттығулар әрбір қызметкердің шұғыл жағдайда қалайша дұрыс әрекет етуі және өзінің және әріптестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі туралы білуі үшін маңызды. Барлық қызметкерлер керемет тәртіпті көрсетті және нұсқауды уақтылы орындады.
Атап өтілуі тиіс негізгі сәттер мынадай:
• Әрекеттердің үйлесімдігі: Әрқайсысыңыз эвакуациялау бойынша белгіленген бағыттармен жүре отырып, мұқияттылық пен ұйымшылдықты көрсеттіңіздер.
• Тәртіпті сақтау: Біз ғимараттан жылдам әрі дүрбелеңсіз шыға алдық, бұл біздің дайын болуымыздың маңызды көрсеткіші болып табылады.
• Жауапкершілік: Қабаттар бойынша жауаптылар өз міндетін орындады. Олар бірқалыпты және ұйымдасқан эвакуациялауды қамтамасыз ете отырып, әріптестерді шығу есігіне қарай бағыттап отырды.
Барлықтарыңызға қатысқандарыңыз және керемет жұмыс үшін тағы рақмет айтамын! 🏆 Біз сіздердің дайындықтарыңыз бен мұқияттылықтарыңыз кез келген шұғыл жағдайда көмектеседі деген сенімдеміз.

5С жеңімпаздары

🌟 Ай сайынғы байқауымыздың жеңімпаздарын құттықтаймыз! 🎉

Біз қаңтар және ақпан айындағы жеңімпаздарымыздың есімдерін қуана хабарлағымыз келеді!
Қаңтар айында:
Алмаз Карипбаев «5С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды!
Ішкі қауіпсіздік бөлімі «5С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс кеңістігі» атағын жеңіп алды! 🏆
Ақпан айында:
Диана Адамбекова «5С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны» номинациясы бойынша жеңіп шықты!
Сатып алу және әкімшілік ету бөлімі «5С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс кеңістігі» болып атанды! 🏆
Кунарбекова Айнураны қаңтар және ақпан айларында жүйені жақсарту бойынша үздік ұсынысымен қатарынан екі рет озып шыққаны үшін қол соғып қошеметтейміз! 🎖️

Біз әрбір қызметкерге 5С қағидаттарын ендіруге бағытталған күш-жігерлері үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз, тәртіпке бейілділіктеріңіз және қауіпсіздік пен тиімділікке ұмтылыстарыңыз біздің жұмыс кеңістігімізді неғұрлым жақсы және өнімді етуде.
Үлестеріңіз үшін рақмет және кемелдікке бірге ұмтылуды жалғастырайық! 💪✨

«Болашақ энергиясы: мұнай-газ саласының трансформациясындағы жастардың рөлі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

🌍✨ КГНТ «Болашақ энергиясы: мұнай-газ саласының трансформациясындағы жастардың рөлі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында ✨🌍

Компаниямыздың «ҚБТУ» АҚ Энергетика және мұнай-газ индустриясы мектебінің (ЭжМГИМ) ұйымдастыруымен өткен «Болашақ энергиясы: мұнай-газ саласының трансформациясындағы жастардың рөлі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысқандығы туралы қуана хабарлаймыз. Бұл іс-шара декарбонизацияға, жасыл энергетика мен мұнай-газ секторын дамытудың болашағына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған алаңға айналды.

Командамыздың атынан конференцияда компанияның бас директоры Александра Бекишева жастарды Қазақстандағы инновациялық жобаларға және индустрияны дамытуға тарту маңыздылығын мазмұндайтын баяндамасымен сөз сөйледі. Конференцияның модераторы талқылаулардың қарқынына белсенді ықпалын тигізген әріптесіміз, жобаларды басқару офисінің жоба инженері Данагүл Сағындықова болды.

Біздің қатысуымыздың негізгі мақсаты – жастарды мемлекетіміздің игілігіне КГНТ-ға жұмысқа және Қазақстандағы маңызды жобаларға тарту болды. Біз жастарға кәсіби өсу және өз әлеуетін өңірімізде іске асыру үшін мүмкіндік бере отырып, жоғары білікті кадрлардың шетелге кетуіне жол бермеуге тырысудамыз.

Конференцияның ұйымдастырушыларына болашақ үшін осындай маңызды мәселелерді талқылау мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз және дарынды жастармен одан әрі ынтымақтастық қалыптастырамыз деген сенімдеміз! 💡🤝

#КГНТ # БолашақЭнергиясы#Жастар #Мұнай-газ #Декарбонизация #ЖасылЭнергетика #Қазақстан #ҚБТУ

Болашаққа инвестициялар

🚀 ҰҰА (Ұшқышсыз ұшу аппараты) басқару және Agisoft Metashape бағдарламалық жасақтамасымен жұмыс істеу бойынша оқыту! 🚀
Компаниямыздың қызметкерлері Байкенов Н.Ж. және Сальников В. «GAMMER ENGINEERING» ЖШС-та ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) басқару және Agisoft Metashape бағдарламалық жасақтамасын пайдалану негіздері бойынша оқудан сәтті өтті!
Оқу барысында әріптестеріміз ҰҰА-ны пайдалана отырып, аэрофототүсірілім жүргізу бойынша негізгі дағдыларды игерді және алынған деректерді өңдеу және талдау үшін арналған Agisoft Metashape бағдарламалық жасақтамасымен тиімді жұмыс істеуге үйренді. Осындай білім олардың кәсіптік мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар біздің геокеңістікті талдау саласындағы сарапшылығымызды едәуір арттырады.
Қызметкерлерімізді оқуды сәтті аяқтауымен құттықтаймыз және кәсіптік қызметінде одан әрі жетістіктер тілейміз!

Компанияның жетістігі әрбір қызметкердің жетістігіне байланысты

КГНТ компаниясында біз қызметкерлеріміздің жетістіктері – жалпы жетістігіміздің негізі екендігіне сеніміміз берік. Сондықтан біз Теңіз Шевроил компаниясының әріптестеріміздің үздік нәтижелері мен керемет жұмысын тұрақты түрде бағалап тұратындығын қуана хабарлаймыз!

Әрбір грамота мен медаль — жай ғана марапат емес, бұл қажырлы еңбекке, кәсіпқойлық пен кемелдікке ұмтылысқа деген құрмет. Біз командамызда жобаны дамытуға баға жетпес үлесін қосып жүрген дарынды әрі өз ісіне берілген мамандардың жұмыс істейтіндігін мақтан тұтамыз.

КГНТ Жас мамандар кеңесі: Қолдау, Бастама және Болашақ!

🌟 КГНТ Жас мамандар кеңесі: Қолдау, Бастама және Болашақ! 🌟
КГНТ-да біз университеттен кейін өз мансабын бастап келе жатқан жас мамандар беретін белсенділік пен жарқын идеяларды бағалаймыз. Дәл солар — біздің болашағымыз!
Біз компанияның жұмысы мен ұжымдағы ахуалды жақсартатын жобаларды қолдай отырып, олардың бастамаларын іске асыру үшін жағдайларды жасаймыз. Қайырымдылық акциялар мен әлеуметтік жобаларға қатысу корпоративтік мәдениетті дамытып қана қоймай, сонымен қатар командалық рухты нығайтуға көмектеседі.
Жас мамандар біздің жұмысымызға маңызды өзгерістерді ендіріп, жаңа тәсілдерді ұсына алады деп есептейміз. Оларға еркіндік бере отырып, біз табысқа бірге қозғалып келеміз!
🤝 Болашақты бірге құрайық!

Командада тиімді жұмыс істеу қағидалары

Командада тиімді жұмыс істеу қағидалары: Пәнаралық топтарда командалық жұмысты және қатысымды жақсарту жөніндегі кеңестер
Командалық жұмыс — қызметтің кез келген аясында, әсіресе пәнаралық топтар туралы сөз болған кезде жетістіктің маңызды аспектісі болып табылады. Мұндай командада әртүрлі салалардағы сарапшылардың білімі мен дағдылары қиылысуы мүмкін, бұл жасампаздық пен инновациялар үшін жаңа мүмкіншіліктерді ашады. Алайда пәнаралық командадағы жұмыс сонымен қатар белгілі бір сын-қатерлерді тудыруы мүмкін. Төменде командалық жұмыс пен қатысымды жақсарту жөніндегі бірнеше кеңес берілген.

Міндеттер мен мерзімдерді нақты жоспарлау командаға бір толқында болуға және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі. Міндеттерді орындау үдемесі мен мерзімдерін қадағалау үшін жобаларды басқаруға арналған саймандарды қолданыңыз.
Осы кеңестер сіздерге команданың ішіндегі қатысымды және өзара әрекетті жақсартуға көмектеседі, бұл ақырында неғұрлым табысты нәтижелерге алып келеді. Командадағы тиімді жұмыстың — үнемі назар мен күш-жігерді талап ететін процесс екендігін ұмытпаңыз.

Офистен тыс өмір

12 қаңтар күні № 124 мектепте «Отбасылық ойын» мини-турнирі өтті, және біз қызметкеріміз Ирина Пустовойтованың Желтоқсан командасымен қатысып, 1-ші орынды иеленуін мақтан тұтамыз!

🥇 Бұл араласқан командалар үшін арналған қалалық мини-турнир 4 әйел мен 2 ерден құралды және Иринаның командасы нағыз командалық жұмыс пен спорттық рухты көрсете отырып, тамаша нәтижені паш етті.
Барлық қатысушыларды және әсіресе өзіміздің керемет әріптесімізді құттықтаймыз! Сіздердің жетістіктеріңіз бізді офисте шабыттандырады! 💪✨

IPMA ICB v.4.0 стандарттары бойынша халықаралық сертификаттауға дайындалу

🎉 Қызметкерлерімізді оқуды сәтті аяқтауымен құттықтаймыз! 🎉
КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС компаниясының 11 қызметкерінің «Жобаларды басқару. Негізгі курс. IPMA ICB v.4.0 стандарттары бойынша халықаралық сертификаттауға дайындалу» семинар-тренингінің бағдарламасы бойынша оқудан өткендігі туралы қуана хабарлаймыз.
Курстың барысында қатысушылар төмендегідей жобаларды басқарудың негізгі аспектілерін оқып білді:
Стратегия және басқару: жобалардың стратегиялық мәнмәтінін және оларды белгіленген стандарттар мен қағидаларға сәйкес басқаруды түсіну.
Командалық жұмыс және көшбасшылық: тұлға тұтастығы, сенімділік және командада өзара әрекет ету дағдыларын дамыту, бұл мықты және тиімді жұмыс ортасын қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқару: тәуекелдерді айқындауға және өзгерістерге уақтылы ден қоюға оқыту, бұл ықтимал шығындарды барынша азайтуға және жаңа мүкіндіктерді пайдалануға мүмкіншілік береді.
Жоспарлау және бақылау: тиімді жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру және нәтижелерді мониторингілеу үшін арналған әдістер мен саймандарды игеру.
Сертификаттауға дайындалу: IPMA стандарттары бойынша сертификаттау процесін және жобалау менеджерлерінің құзыреттілігіне әсер ететін факторларды түсіну.
Бұл білім мен дағдылар қызметкерлеріміздің біліктілігін жоғарылатып қана қоймай, сонымен қатар КГНТ-ны дамытуға қосқан маңызды үлес болмақ.
🌟 Оқудан сәтті өткен қатысушылардың тізімі:
Александра Бекишева
Елена Захарова
Рауан Абылғазы
Екатерина Бондик
Адиль Тургумбаев
Айнура Кунарбекова
Елнур Нуртай
Рабоат Ізмуханбет
Талгат Бузаубаев
Рустем Атчибаев
Никита Косенко
Бүкіл ұжымды кәсіптік дамуға бағытталған осы маңызды қадаммен құттықтаймыз! 💪🚀 Біз алынған білімнің болашақ жобаларымызда белсенді қолданылады және компания үшін елеулі нәтижелер алып келеді деген сенімдеміз!

ALMATY WINTER RUN 2025

❄️ WINTER RUN 2025 марафоны аяқталды! ❄️🏃‍♀️

23 ақпан күні біз жаңа локацияда жылы әрі жайлы таңнан ләззат алдық, мұнда қатысушылар алдағы жүгіріс маусымына алдына мақсаттар қойып, ниет етті.
✅Бұл жолы марафонда мынадай қашықтықтар болды: 10 км, 7 км-ге скандинавиялық жүріс және 3 км-ге балалар жүгірісі.

Компаниямыздың атынан 10 км қашықтыққа 7 адам қатысты және біз олардың әрқайсысын мақтан тұтамыз! 🌟

Барлық қатысушыларға белсенділігі мен шабыты үшін рақмет айтамыз! Барлық ниет білдірген қызметкерлерді келесі жүгірістерге қатысу үшін бізге қосылуға шақырамыз. Ілгері бірге жүрелік! 💪✨

Экологияға қамқорлық

Экологияға қамқорлық

🌍 Экологияға қамқор болу — КГНТ-ның басымдығы

2019 жылдан бастап компаниямыз пластикті пайдалануды барынша азайту және қоршаған ортаны қорғау бойынша жауапкершілікті өзіне алған болатын. Біз әрбір ұсақ-түйектің маңызды екендігіне сенімдіміз және барлық қызметкерлердің күш-жігерін біріктіру арқасында біз әлемді жақсырақ ете аламыз.

Табиғатты қорғау бойынша біздің әрекеттеріміз:
Біз планетамызға түсетін пластик жүктемесін азайта отырып, бірреттік стақандарды керамикалық саптыаяқтарға ауыстырдық.

Барлығына арналған экосөмкелер: Бірреттік шешімдердің орнына көпреттік шешімдерді пайдалануды көтермелеу үшін әрбір қызметкерге экосөмке берілді.

Аралап шығу және сұхбаттасу: Офисте пластикті пайдалануды қысқарту мәдениетін арттыру үшін тұрақты жиналыстар мен сұхбаттарды өткізіп тұрамыз.
Қоқыс жәшіктерін жою: Біз дағдылы қоқыс жәшіктерін эко-контейнерлерге ауыстырдық: пластик, қағаз бен қалдықтар үшін. Бұл қоқысты бөлектеп жинауды жеңілдету және қызметкерлерді қалдықтарды саналы пайдалануға тарту үшін жасалды.

Бөлектеп жинау: Барлық қызметкерлер қалдықтарды бөлектеп жинау тәжірибесіне тартылған, бұл қоқыстың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар пайдаланылған материалдарға екінші өмірді беруге мүмкіндік туғызады.

Экологиялық ортаны сақтау: Біз офисте тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша іс-шараларды өткізіп тұрамыз, бұл жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайларды қалыптастырады.

КГНТ-да 2013 жылғы қазан айынан бастап люминесцентті шамдарды жарықдиодты шамдарға ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген болатын. Сонымен қатар біз «Жер сағаты» сияқты жаһандық акцияларға белсенді қатысып тұрамыз.

Әрбір ұсақ қадамның маңызы зор! Біздің әрекеттерге қосылыңыз және жұмыла отырып біз әлемді неғұрлым таза әрі жасыл ете аламыз! 🌱