ТӘЛІМГЕРЛІК
Неғұрлым тәжірибелі мамандардан тәжірибесі аз қызметкерге кәсіптік білімдері мен шеберлігін берудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі тәлімгерлік болып табылады. Қазіргі уақытта тәлімгерлік бағдарламасы әртүрлі нысандарда құрылған және әртүрлі жағдайларда қолданылады.
КГНТ компаниясында тәлімгерлік бағдарламасы төмендегі міндеттерді орындау үшін әзірленген:
- жас мамандармен жеке кәсіптік тәжірибемен, біліммен, шеберлік пен дағдылармен бөлісу;
- жас мамандардың адал еңбек тәжірибелер қағидаттарын қалыптастыру және дағдыландыру;
- жас мамандардың кәсіптік құзыреттілік деңгейін арттыру, олардың кәсіптік міндеттерді орындауға дайын болу дәрежесін анықтау;
- шәкірттердің кәсіптік және мансаптық әлеуетін арттыру және тәлімгерлердің құзыреттілігін дамыту;
- тәжірибе алмасу және тәлімгерлер арасындағы ынтымақтастық;
- өкілдік беруге болатын міндеттер тізбесін кеңейту, осылайша неғұрлым қызықты және стратегиялық перспективалық міндеттерді шешуде өз мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
- дублерларды дайындау арқылы өз бөлімшесі қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Тәлімгерлік бағдарламасын іске асырған кезде төмендегі қағидаттар қолданылады:
- Ерікті қатысу қағидаты;
- Құпиялылық қағидаты;
- Кері байланыс қағидаты;
- Тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаты;
- Ықтымақтастық қағидаты.
КГНТ жұмыс тәжірибесі әртүрлі қызметкерлерді біріктіреді. Мұнай-газ саласындағы жұмыс өтілі 30 жылдан асатын қызметкерлер тәжірибесі аз қызметкерлермен өз тәжірибесімен қуана бөліседі. Осы бағдарлама қызметкерлер үшін мол тәжірибені, білім мен пайымды алу және ұғыну үшін керемет мүмкіндік болып табылады. Тәжірибесі аз қызметкерлер өз ой-өрістерін кеңейтеді, практикалық тәжірибе алады және осылайша өздерін сәтті дамыта отырып, өз мақсаттарын іске асыра алады. Тәлімгерлер өз кезегінде өзінің кәсіби деңгейлерін көрсетеді, қызметтен қанағат алады және жалпы алғанда бұл процесс бизнестің табыстылығына оң әсерін тигізеді.